21 Маусым, 2016

Жарыстар жаңғырығы

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ФУТБОЛ. Қазақстан премьер-лигасының 17-туры ойындары ойналды. Турдың басты ойыны Астанада өтті. Онда «Астана» «Ертісті» қабылдап, 1:1 есебі­мен тең түсті. Алматының «Қай­раты» сырт алаңда «Ақтөбені» 6:2 есебімен ұтты. Басқа коман­далардың ойындары былайша аяқталды: «Шахтер» (Қарағанды) – «Ақжайық» (Орал) 3:1, «Жетісу» (Талдықорған) – «Тобыл» (Қос­танай) 0:1, «Ордабасы» (Шымент) – «Оқжетпес» (Көкшетау) 2:2, «Атырау» (Атырау) – «Тараз» (Тараз) 1:0 ТЕННИС. Қазақстандық Ярослава Шведова Голландияда өткен көгалдағы Ricoh Open жары­сының жұптық сынында же­ңіске жетті. Грузиялық Оксана Калаш­никовамен жұп құрап сынға түскен Шведова финалда Ксения Кнолл (Швей­цария) мен Александра Кру­нич жұбын 6:1, 6:1 есебімен жеңді. ВЕЛОСПОРТ. «Швейцария туры» көпкүндік жарысы аяқ­талды. «Астана» велошабандозы Мигель Анхель Лопес жалпы есепте жарыстың жеңімпазы атанды. Финалдық кезеңді ол төртінші нәтижемен аяқтады. ЖҮЗУ. Паралимпиадалық спортшылар арасында Герма­нияның ашық чемпионаты өтті. Қазақстан Республикасының атынан Зүлфия Габидуллина, Әнуар Ахметов, Роман Агалаков, Ержан Сәлімгереев, Андрей Афанасьев және Нұрлан Байсеркеев қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша, Қазақстан құрама коман­дасының қоржынына жеке кластар бойынша 6 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль түсті. Сонымен қатар, абсолюттік жарыста 2 күміс және 1 қола медаль бар. «Егемен-ақпарат»