21 Маусым, 2016

АҢДАТПА

440 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасының кітапханасы мен қоры журналистерге арнап

«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсын жариялады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қоры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын құрметпен атап өту мақсатында, баспа және элек­трондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбы бо­йынша, алдағы тарихи оқиғаға арналған таңдаулы материалдарға ашық конкурс жариялайды. Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету. Конкурс төрт номинация бойынша өткізіледі: 1) «Үздік теледидар материалы»; 2) «Үздік радиоматериал»; 3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»; 4) «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жария­ланым». Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға 1 миллион теңге мөл­шерінде ақшалай жүлде беріледі, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше – 500 мың және 200 мың теңге беріледі. Одан бас­қа, барлық жүлдегерлерге дипломдар мен омырауға тағатын белгілер тапсырылады. Конкурсқа кәсіпқой журналистер жеке де және ұжымдық негізде де қатыса алады. Конкурсқа 2016 жылғы 1 маусымнан бас­тап 31 қазан мерзімі бойынша мем­лекеттік және орыс тілдерінде рес­ми жарияланған (басылған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады. Конкурстың қорытындысын құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген Конкурс комиссиясы шығарады. Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2016 жыл­ғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде әкеліп беру тәртібімен немесе поштамен жөнелту арқылы мына мекенжайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Еңбекшілер көшесі, 10, 213-каб., «Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгісімен қабылданады (байланыс тел.: (7172) 69-30-57, 69-30-52, 69-30-50). Конкурсты өткізудің шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz, www.presidentfoundation.kz/
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024