21 Маусым, 2016

Шарайна

304 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
шарайна-1Ресейлік әскери сержанттың ерлігі Сирияда Ресейдің жауласушы жақтарды бітістіру жөніндегі орталығының әскери қызметшісі қаза тапты. Мұны кеше осы елдің қорғаныс министрлігіндегі дерек көзіне сілтеме жасай отырып, «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады. Әскери ведомстводан түскен ақпаратқа қарағанда, сержант Андрей Тимошенков жарылғыш қойылған автомобильдің гуманитарлық көмек беріліп жатқан жерге келіп жарылуының алдын алған. Сержант қолбасшылық атынан мемлекеттік наградаға ұсынылып отыр. Ал оқиға 15 маусымда орын алса, дәрігерлер әскеридің өмірі үшін бір тәуліктен астам уақыт бойы күрессе де еш нәтиже шығара алмаған. Австрия дипломатиясының ұсынысы Австрияның сыртқы істер министрі Себастьян Курцтің пікірінше, Еуроодаққа Ресеймен белгілі бір мәмілеге келудің жолын іздейтін уақыт жетті. Ол ЕО-ны Ресейден санкцияларды кезең-кезеңімен алу бағытында іс-қимыл танытуға шақырды. С.Курцтің айтуынша, Ресейге қарсы шаралар – бұрыс жол. Бұл жерде министр Мәскеудің де, өз кезегінде, Брюссельге қатысты оң ниет танытуы тиіс екенін атап көрсетеді. Еске сала кетсек, Еуроодақтың Ресейге қарсы экономикалық санкциясының мерзімі осы жылдың 31 шілдесінде аяқталады. Осының алдында Еурокомиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер де Ресейдің ЕО-мен қарым-қатынасын қалпына келтіруіне мүмкіндік бар екенін мәлімдеген еді. шарайна-2Иран терактілердің алдын алыпты Иранның арнайы қызметтері кең ау­қым­ды террорлық әрекеттердің алдын ал­ға­ны туралы мәлімдеп отыр. Бұл туралы «Рей­тер» агенттігі хабарлады. Иран қар­­сы барлауының деректеріне сүйенсек, тер­рор­шы­­лар ел астанасы – Тегеран және бас­­қа да ірі қалаларда жарылғыштар қоюға әре­кет жасаған. «Исламист-ваххабиттердің қылмыстық пиғылдарына қарағанда, жақын күндерде елдің түрлі аудандарында жарылыстар жасау жоспарланыпты. Бүгінде лаңкестер қамауға алынды, олардан бомбалар мен көптеген жарылғыш заттар тәркіленді», делінеді барлау істері жөніндегі министрліктің мәлімдемесінде. Жарылыстар тура Рамазан басталатын 5 маусым мен 4 шілде аралығында жүзеге асырылмақ екен. Қысқа қайырғанда:
  • «Норманд төрттігі» (Ресей, Украина, Германия, Франция) елдері басшыларының жаңа кездесуі Варшавада өтетін НАТО саммитінің алдында, яғни шілде айының басында ұйымдастырылуы ықтимал. Бұл туралы неміс үкіметіндегі дерек көзіне сілтеме жасай отырып, Stuttgarter Zeitung газеті хабарлады.
  • Футболдан Еуропа чемпионатының кезекті іріктеу турында Исландия мен Венгрия құрамалары кездескен еді. Венгриялық фанаттар өздерінің футболшыларын нацистік ишарат білдіріп қарсы алыпты. Тіпті, ойын алдында қарсы жақтың жанкүйерлерімен төбелесіп те алса керек. Еуропа футбол ассоциациясының одағы (УЕФА) Венгрияға қатысты тәртіптік іс ашты.
  • Омбыда Ертіс өзенінде бортында 7 адамы бар «Ассоль» үлгісіндегі яхта суға батып кетті. Жетеудің бесеуі өздерінің күш-жігерімен аман-есен жағаға жетсе, екі адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Яхта Омбы облыстық желкенді спорт федерациясының иелігінде болған көрінеді.
  • Бүкілресей жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Михаил Бутов Халықаралық жеңіл атлетика ассоциациясы кеңесінің құрамынан уақытша шығарылған. Мұның Ресей жеңіл атлетшілерінің допинг қолдануларының салдарынан болып отырған жайт екені анық. Сөйтіп, бүгінде ресейлік бүкіл жеңіл атлеттерге Олимпиадаға бармай қалу қаупі төніп тұр.
шарайна-3Италия оппозициясының жеңісі Италияның «Бес жұлдыз» оппозициялық саяси қозғалысы 20 муниципалдық құралымдар сайлауының 19-ында жеңіске жетті. Сөйтіп, аталған партиядан кандидаттар Рим мен Турин қалаларының жаңа мэрлері атанды. Мұны кеше ANSA агенттігі хабарлады. Қозғалыстың көшбасшысы Беппе Грилло бұл жеңісті қазірдің өзінде тарихи жеңіс деп мәлімдеп үлгерді. Және, оның сөзіне қарағанда, бұл алдағы үлкен жеңістердің бастамасы ғана. Италияның билеуші демократиялық партиясы өзінің жеңілісін мойындаған. Италия астанасы – Рим қаласын Вирджиния Раджи есімді әйел басқаратын болды. Туриндегі сайлауда да әйел адам жеңіске жетті. Ол – Кьяра Аппендино. Бұл әйел де Туриннің мэрі атанды. Тәркіленген героин құны – 4 млн.$ Ресейдің Свердлов облыстық федералдық қауіпсіздік қызметінің адамдары есірткі тасымалдаушы курьерлерге қатысты операция барысында Тәжікстаннан пияз артып келген жүк көлігінің ішінен 25 килограмм героин тапты. Операция облыс орталығы – Екатеринбург қаласындағы №4 жеміс-жидек базасында жүзеге асырылған. 20 тонна пияз артылған фура тура осы базаға келіп табан тіреген көрінеді. Есірткі пияздың ішіне мұқият әрі ұқыпты салынып жасырылғандықтан, оны қолмен аршып алудың өзі үлкен күш-жігерді талап еткен. Тәркіленген героиннің жалпы құны – 4 миллион доллар. Операция қорытындысына сәйкес, РФ ҚК-нің тиісті баптары бойынша қылмыстық істер қозғалыпты. шарайна-4Жауапсыздықтың салдары ауыр Мәскеу билігі Карелияның Сямозеро көліндегі шторм салдарынан қаза тапқан мәскеулік оқушылардың тізімін жариялады. 14 жасөспірімнің 3-еуі – қыз бала. 3-еуі 13-те, қалғандарының бәрі 12 жаста. Кеше Ресей төтенше жағдайлар ми­нистрлігінің ұшағымен балалардың мәйіттері Петрозаводскіден Мәскеуге жеткізілді. Айта кететін болсақ, 18 маусым күні «Парк-Отель Сямозеро» сауықтыру лагеріндегі 47 ұл-қыз 4 педагогтың жол бастауымен екі қайықпен Сямозероға түсіп, штормға тап болған. Кейін 13 оқушының денелері табылса, біреуінікі әлі табылған жоқ. Карелия басшысы Александр Худилайнен опат болған балалардың отбасыларына өңірлік бюджет қаржысынан 1 миллион рубльден төлеуге уәде берді. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Интернет материалдары негізінде әзірленді