21 Маусым, 2016

Оразаның денсаулыққа тигізер пайдасы

435 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Оразаның медицина жағынан алып қарағанда денсаулыққа тигізер пайдасы зор екен. Төменде біз адам ағзасында болып жататын өзгерістер жайлы біраз ақпаратпен бөлісуді жөн көрдік. 1-тазалану кезеңі (1-2 күн) [caption id="attachment_47658" align="aligncenter" width="700"]160621-densaulik (01) www.visionural.com[/caption] ihsan.kz сайтының мәліметі бойынша, оразаның алғашқы екі күнінде басың қатты ауруы мүмкін. Бұған бола уайымдап, дәрі ішуге асықпаған жөн! Себебі, бұл уақытта қанымыздағы қант төмендейді. Жүрек соғысы бәсеңдеп, қан қысымы төмендейді. Бұлшық еттен гликоген шығып, әлсіздік пайда болады. Тазаланудың алғашқы күндері ең қиын болып келеді. 2-тазалану кезеңі (3-7- күнге дейін) [caption id="attachment_47663" align="aligncenter" width="700"]160621-densaulik (04) www.tenox.ru[/caption] Май қышқылы құрамындағы майлар ыдырап, глицеридтер молекуласындағы глицеринді босатып, глюкоза айналады. Бет майланып кетеді. Мұның себебі ағза ашыған майдан арылып жатады. Ағза оразаға үйрене бастайды, ас қорыту жүйесі демалып, барлық күш тазалануға және емделуге жұмсалады. Қанның ақ түйіршіктері мен иммунитет жүйесінің белсенділігі артады. Өкпе тұсыңыз ауырсынуы мүмкін. Тазалану органдары, өкпе жолдары ретке келіп, жаңалану процессі үстінде болады. Тынысыңыздың әлі де жағымсыз иісі бар, тіліңіз де ағарып тұрады. Тоқ ішекте де өзгерістер болып, ішек қабырғаларына жабысқан нәжіс ажыратыла бастайды. 3-тазалану кезеңі (8-15 күнге дейін) [caption id="attachment_47660" align="aligncenter" width="700"]160621-densaulik (02) www.lifehacker.ru[/caption] Өзіңді сергек сезініп, қуатың тасып жүресің. Алайда, ескі жараларың біраз ауырсынуы мүмкін. Бұл ағзаның ораза кезінде өзін-өзі емдеуге көшкенін көрсетеді. Ағзаның бойындағы өлі не жарақаттанған жеріне лимфоциттер секреттелген (шырышты) заттарды жеткізіп, ақаулы жасушаларды жоюға кіріседі. 4-тазалану кезеңі (16- 30 күнге дейін) [caption id="attachment_47668" align="aligncenter" width="700"]160621-densaulik (4) wallpapers.99px.ru[/caption] Бұл уақытта ағзаңыз ашығуға әбден үйренген. Қуатыңыз тасып, ой-санаңыз тынық. Тазалану кезеңдері қысқарып, тіліңіз де қызғылттанып, тынысыңыз таза болатын күндер кездеседі. Органдарыңыз өзін-өзі емдеуді аяқтайды. Ағза өзін әр түрлі ауру қоздырғыштарынан тазалағаннан соң, органдар екі есе тез жұмыс жасап, ақауы бар жойылған жасушалар орнын толықтырады. 20 күннен соң санаңыз тынық, жүйкеңіз тыныш, қуатыңыз көп, бойыңызда ерекше бір еркіндік сезіледі. Есте сақтау қабілетіңіз бұрынғысынан да артады. Аян Әбдуәли.