Бүгін Астанада қазақ күресінен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан барысы»турнирінің финалдық кезеңіне арналған жиын өтті.
Алдымен төл күресімізден республикалық федерацияның турнирді ұйымдастыру мәселесі бойынша жиналысы болды. Онда балуандардың жарысқа дайындығы, төрешілердің қызметі мен басқа да мәселелер қаралды. Осы жиында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті болып сайланды. Сонымен бірге кездесуде балуандардың күртешелеріне өзгеріс жасалғаны туралы хабарланды. Енді турнирге қатысатын 33 балуан шынтақ буыны 5 см-ге, шалбардың балағы 10 см-ге ұзартылған күртеше киіп, кілемге шығады. Елемес Әлімқұлұлының айтуынша, күртешеге өзгерістер балуандардың күрескенде ыңғайлы болуы үшін жасалды.
Дастан Кенжалин.
Фото: автор
• 21 Маусым, 2016
«Қазақстан барысы-2016». Балуандардың күртешесі өзгерді

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше