«Қазақстан барысы» турнирі жақындап келеді. Қазір жарысқа дайындық жан-жақты жүріп жатыр. Бүгін Астанада осы турнирге байланысты өткен баспасөз мәслихатында Қазақ күресі федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі Тастанбек Есентаев төрт балуанның жарыстан шеттетілгенін айтты. Оның айтуынша, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Мерей Тұрашев, Алексей Косачев, Самир Мамедов пен Айбек Нұғымаровтың қанынан тыйым салынған препаратты анықтаған. Осыған байланысты олар 10 шілдеге дейін жарыстан шеттетіледі.
«Төрт балуанымыз анализ тапсырғанда допинг сынамасынан өте алмады. Олардың қанынан мельдоний дәрісі табылды. Олар 20 мамыр күні қан тапсырған. Бірақ, ол спортшылардың қанында аз болып шықты. Балуандар дәріні тыйым салынған уақытқа дейін қабылдаған. Ал мельдонийге осы жылдың 1 қаңтарынан бастап тыйым салынғаны белгілі. Бұл дәрі адамның салмағы көп болса қанында 4-5 айға дейін жүреді. Енді федерация 10 шілдеден кейін балуандарды жарысқа қатыстыру-қатыстыраму мәселесін тағы қарайды», деді ол.
Дастан Кенжалин.
Фото: ulttyqsport.kz
• 21 Маусым, 2016
«Қазақстан барысы-2016». Төрт балуан жарыстан шеттетілді

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше