22 Маусым, 2016

Партия фракциясының жиналысына қатысты

230 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
21-06-05.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиналысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жиын барысында Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің Төрағасы лауазымына Н.Нығматулиннің кандидатурасын қарастыру туралы ұсыныс берді. – Баршаңыз Нұрлан Зайролла­ұлын жақсы білесіздер. Ол Қарағанды об­лысының әкімі, «Нұр Отан» партия­сы Төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары Мәжілістің V шақырылымын басқарып, көпшілігіңізбен бірге еңбек етті. Оның Президент Әкімшілігіндегі екі жарым жыл істеген қызметі президенттік сайлау, Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы сияқты қауырт саяси кезеңдерге сәйкес келді. Еліміз үшін ауқымды саяси жұмыстар жү­р­гізілді. Сайлаулар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жақсы бағаға ие болды. Халқымыз ынтымағын көрсетіп, бізді қолдады. Сондықтан жұмысты одан әрі жалғастыруымыз қажет, – деді Қазақстан Президенті. 21-06-03Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің атқарушы билікпен арадағы өзара іс-қимылды белсендірек жүргізуі қажеттігіне назар аударды. – Біз Үкіметке жұмысты байыппен жүргізуге мүмкіндік бердік, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. Бірақ бұл жетекші саяси партиямыз «Нұр Отан» мен оның фракциясы Үкіметтің ал­ды­на қойылатын міндеттердің орын­далуы­на қатаң қарамауы тиіс дегенді білдір­мей­ді. Орындалуы қажет стратегиялық бағдарламалар бар. Біздің өз елімізде де, шетелдерде де орындалуын жұрт бақылап отырған негізгі міндетіміз – Бес институттық реформаның іске асырылуы жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жос­парын жүзеге асыру», – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Мәжіліс Төрағасы қызметінде атқарған жұмысы үшін Б.Ізмұхамбетовке алғыс айтты. – Бүгін «Ардагерлер ұйымы» респуб­ликалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төралқасының кезектен тыс отырысы өтіп, оның барысында Бақтықожа Ізмұхамбетов кеңес төрағасы болып сай­ланды. Еліміз үшін бұл – өте ма­ңыз­ды мәселе. Көптеген көрнекті қайрат­керлердің басын қосып отырған ұйым ардагерлердің мәселесімен де, жастардың адамгершілік тәрбиесімен де айналысады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.