22 Маусым, 2016

Бірауыздан мақұлдады

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-06-07.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының активімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу алдында қалалық мәс­ли­хаттың сессиясы болып өтті. Онда депутаттар Ас­тана қаласының жаңа әкімі Ә.Исе­ке­шевтің кандидатурасын бірау­ыз­дан мақұлдады. – Бұл қаланы кімнің бас­қа­ра­тынына мен немқұрайлы қа­рай алмаймын. Ол тәжірибелі, бі­лімді, Қазақстанға танымал, елор­даның мүддесін қорғай отырып, Үкіметпен жұмыс істей алатын адам болуға тиіс. Мен Әсет Исе­кешевті сондай адам деп есеп­теймін. Бүгін мәслихаттың келі­сімімен тағайындалған жаңа әкім­ді құттықтаймын, – деді Елбасы. 21-06-09Қазақстан Президенті, сон­дай-ақ, Ә.Жақсыбековті жаңа лауа­зымға тағайындалуымен құт­тықтады. – Бүгін Әділбек Жақсыбеков Пре­зидент Әкімшілігінің Бас­шысы болып тағайындалды. Ол 1997 жылы елорданың алғаш ауыс­қан күнінен бастап қала әкімі бо­лып тағайындалып, ең қиын кезең­дерде жұмыс істеді. Барлық тапсыр­маларды орындады. Одан кейін бірқатар өзге де лауазымдарды атқарып, осы қызметке қайта оралды. Мен оған жұмысы үшін алғыс айтамын және жаңа лауазымымен құттықтаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар

Жетісудың Қызылтас аумағында экоакция өтті

«Таза Қазақстан» • 03 Қазан, 2024

Ринат Заитов: Төл өнерге төр керек

Мәдениет • 03 Қазан, 2024

Жоғарғы Сот судьясы сайланды

Сенат • 03 Қазан, 2024

Бітімгер әйелдердің саны артады

Әйел әлемі • 03 Қазан, 2024