22 Маусым, 2016

Ер ескерткіші

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Рақымжан Қош­қар­баевтӨнер академиясының 5-курс студенті Шах-Ахмет Ермекұлы дип­ломдық жұмысының тақырыбы ретінде алған Рақымжан Қош­қар­баевтың шағын ескерт­кішін жасап шықты. Ескерткіш макеті өзіндік қаһар­ман сипатқа ие екен­дігімен қатар, ол жас мүсін­шінің ішкі рухани қуатын айқындайды. – Әуелде диплом тақырыбын таңдар тұста Батырхан Шө­кенов, Қажымұқан сияқты қазақтың талантты ұлдарын сомдау туралы ой болды. Мен өз таңдауымды жасарда мәселеге патриоттық тұрғыдан қарадым да, ұлттың қаһарман ұлдарын жасағым келді. Бұл ескерткішті жасауға 4 аптадай уақыт кетті. Қазір елімізде Рақым­жан Қошқарбаевтың келбетін сипаттайтын мүсін немесе нақты үлкен монументтік мүсіндер жоқ. Тек қана бюстері ғана бар, – дейді студент Шах-Ахмет Ермекұлы. Американың The New York Times газетінің 1945 жылғы 1 мамырдағы нөмірінде «Кеңес қызыл туы Рейхстаг үстінде желбі­реді» деген тақырыпта ма­қала жарияланып, онда: «Ешкім тізе бүктіре алмаған Гер­ма­ния­ның Рейхстагына Идрицк ди­визиясының лейтенанты Ра­қымжан Қошқарбаев пен жауынгер Григорий Булатов 30 сәуір күні сағат 15:00 шамасында халық туын тікті» деп атап көрсетілген. Араға 62 жыл салып барып мойындалған батыр Рақымжан Қошқарбаевқа арналған лайықты ескерткіш бой көтереді ғой, деген тілек білдіреді жас мүсінші. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар

Жетісудың Қызылтас аумағында экоакция өтті

«Таза Қазақстан» • 03 Қазан, 2024

Ринат Заитов: Төл өнерге төр керек

Мәдениет • 03 Қазан, 2024

Жоғарғы Сот судьясы сайланды

Сенат • 03 Қазан, 2024

Бітімгер әйелдердің саны артады

Әйел әлемі • 03 Қазан, 2024