Ардан безгендердің алаяқтығы Гиппократ антына адалдық танытатын ақ халаттылар арасында да кездеседі десек, сенер ме едіңіз? Сенуіңізге тура келеді дей аламыз. Бұған бұлтартпайтын дерек ретінде, Атыраудағы перзентхананың орта буын қызметкері іңгәлап жарық дүние есігін ашқан бейкүнә нәрестені саудалағаны дәлел бола алады. Шыр етіп өмірге келген шақалақ пен оның анасының өмірін сақтауға қол ұшын созады дейтін ақ халаттының адамгершілікке жат әрекеті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен біраз уақыт бақылауға алыныпты.
Өйткені, перзентхана қызметкері сатылатын бала үшін алдын ала келісілген 5 000 АҚШ долларының тең жартысын алып қойған. Ал 2 500 АҚШ долларын жаңа туған сәбиді перзентханадан шығарарда алуға келіскен. Сол кезде нәрестеге анықтама қоса беруді көздепті. Қу құлқынын ақша тескен медицина қызметкерін полицейлер өткен жексенбіде ұстады.
– Күдіктінің Орталық Азия елдерінің бірінен келіп, осында босанған жас ананы баласынан бас тартуға көндіргені анықталды. Сәби сатушы уақытша оқшаулау орнына қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 135-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ

Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47