04 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы № 404- ІV

568 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау ту­ралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Рес­публикасының Конституциялық заңына (Қа­зақ­стан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жар­шы­сы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Рес­публикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат): 1) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толық­ты­рылсын: «51-1-бап. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы 1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және тағайындалған күнінен бастап екі ай ішінде өткізіледі. 2. Кезектен тыс сайлаудан кейінгі Пре­зи­дент­тің кезекті сайлауы бес жыл өткен соң осы Конс­титуциялық заңда белгіленген мерзімде жария­ла­нады.»; 2) мынадай мазмұндағы 66-1-баппен толық­тырылсын: «66-1-бап. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу Президенттің кезектен тыс сайлауы осы Консти­туциялық заңда Президенттің кезекті сайлауы үшін белгіленген қағидаларға сәйкес өткізіледі. Сайлау іс-шараларын өткізу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.». 2. «Қазақстан Республикасының Президенті ту­ралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақ­стан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақ­стан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 172-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 10, 343-құжат; 2006 ж., № 23, 137-құжат; 2007 ж., № 12, 82-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат): 1) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде өткізіледі. Президент кезектен тыс сайлауда сайланған жағдайда не Конституцияның 48-бабында көз­дел­ген жағдайда Президент өкілеттігін қабыл­да­ған­да, ант беру президенттік сайлау қорытын­ды­сы жария­ланған не Республика Президентінің өкі­леттігін қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі. Бұл жағдайларда ант беру кү­нін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы айқындайды. Ант беру салтанатты жағдайда Парламент де­пу­таттарының, Конституциялық Кеңес мүше­ле­рі­нің, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Рес­публи­ка­ның барлық бұрынғы Президент­терінің қатысуы­мен өткізіледі.»; 2) 4-бапта: 1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толық­тырылсын: «1-1. Кезектен тыс сайлауда сайланған Республика Президентінің өкілеттігі кезектен тыс сайлаудан кейін бес жылдан соң желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізілуге тиіс кезекті сайлауда сайланған Республика Президенті лауазымы­на кіріскенге дейін жүзеге асырылады.». 2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 3 ақпан, 2011 жыл № 404- ІV-ҚРЗ