25 Маусым, 2016

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің нормативтік қаулысы  №21-Н

421 рет
көрсетілді
27 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 30 қараша,Қ Астана қаласы Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну қағидаларын бекіту туралы «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 18-3-бабына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну қағидалары бекітілсін. 2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін. 4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Төраға Қ.ЖАҢБЫРШИН «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________ Б.Сұлтанов 2015 жылғы «___ » __________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________ Е. Досаев 2015 жылғы «___ » __________ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 21-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-3-бабына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) сәйкес әзірленген және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу бойынша аудиторлық қорытынды берудің тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар, терминдер: 1) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша аудит; 2) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды – мемлекеттік аудит туралы заңнамада және осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес, бюджет қаражатын пайдалану мәселелері бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудиттің нәтижелері бойынша жасалған жазбаша ресми құжат; 3) квазимемлекеттік сектордың аудиттелетін субъектісі (бұдан әрі аудиттелетін субъект) – өзіне қатысты арнайы мақсаттағы аудит жүргізілетін және бюджет қаражатының түпкілікті алушысы болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісі. 2. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібі 3. Квазимемлекеттік сектор субъектілері бюджет қаражатын пайдаланған кезде арнайы мақсаттағы аудит бюджет қаражатының қозғалысы бюджеттік бағдарлама әкімшісінен бастап, бюджет қаражатын түпкілікті алушыға дейін аудиторлық қорытындыда көрсетіле отырып, жыл сайын міндетті түрде жүргізіледі. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметі және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, аудиторлық ұйым мен аудиттелетін субъект арасында жасалған, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу туралы шарт негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит көлемдерін қысқарту үшін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетін (бұдан әрі – Есеп комитеті) және аудиторлық қызмет саласын реттеуді және аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органды (бұдан әрі – Уәкілетті орган) арнайы мақсаттағы аудит жүргізу туралы ақпараттандыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) арнайы мақсаттағы аудит жүргізуді жоспарлау туралы – аудиттелетін субъектілер жыл сайын жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін; Бұл ретте мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың еншілес және тәуелді заңды тұлғаларына хабарлама шоғырландырылып жіберіледі; 2) аудиттің басталғаны туралы – аудиторлық ұйым арнайы мақсаттағы аудит басталған күнге дейін бес жұмыс күні ішінде. 5. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті аудиторлық қызмет туралы заңнамада және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарында көзделген талаптарды сақтай отырып, әзірленген аудит бағдарламасына сәйкес аудиторлық ұйым жүргізеді. 6. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізуге арналған шартты орындау кезінде аудиторлық ұйымның алған мәліметтері, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынылатын мәліметтерді қоспағанда, коммерциялық құпияны құрайды. 7. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында және мемлекеттік аудит туралы заңнамада көзделген шектеулерді ескере отырып, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйым жүргізеді. 8. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит Мемлекеттік аудит туралы Заңның 8-бабына және 12-бабының 4-тармағының 9) тармақшасына сәйкес жүргізіледі. 3. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудиттің нәтижелерін ұсыну тәртібі 9. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудиттің нәтижелері бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды жасалады, онда Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтар және (немесе) оларды жасауға итермелейтін себептер, жағдайлар анықталғанда, оларды жою жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі. 10. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды үш данада жасалады, оған біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып аудитор-орындаушы қол қояды, оның жеке мөрімен куәландырылады. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды аудиторлық ұйым басшысының бекітуіне және ұйымның мөрімен куәландырылуға жатады. Аудиторлық қорытындының бір данасын аудитор-орындаушы танысу үшін аудитттелетін субъектіге ресми хатпен ұсынады. 11. Аудиттелетін субъект арнайы мақсаттағы аудиттің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Аудиторлық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтардың әрбір тармағы бойынша аудиттелетін субъектінің тиісті түсініктемелерін және (немесе) қарсылықтарын аудиттелетін субъектінің бірінші басшысының қолымен аудиторлық ұйымға ұсынады. 12. Аудиторлық ұйымның Есеп комитетіне жіберетін Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытындының үшінші данасына Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытындының ажырамас бөлігі болып табылатын құжаттардың қажетті көшірмелері, аудитор жүргізген есептеулер, аудиттелетін субъектінің жазбаша түсініктемелері және (немесе) қарсылықтары мен оларға аудиторлық ұйымның жауаптары және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит барысында аудиттелетін субъект қызметінде анықталған алшақтықтар, сондай-ақ бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша басқа да материалдар қоса беріледі. 13. Есеп комитеті осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес, аудиторлық ұйым ұсынған құжаттарды Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бірыңғай дерекқорына орналастырады. 14. Есеп комитеті арнайы мақсаттағы аудиттің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның нәтижелерін бақылауды жүзеге асырады. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларына қосымша Нысан Бекітемін: ____________ __________________________________ __________________________________ (Аудиторлық ұйым басшысының Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы, аудиторлық ұйымның атауы, мөрдің орны, лицензияның №, берілген күні) Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу бойынша аудиторлық қорытынды ____________________ _____________ (жасалған орны) (күні) Аудиторлық ұйым, ______________________________________ (аудиторлық ұйымның атауы, БСН) _____________________________________________________________________________ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізуге арналған 20__«__»_____ шарттың негізінде «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ___________________________________________________ қатысты (заңды тұлға-резиденттің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит (бұдан әрі – аудит) жүргізілді және оның қорытындысы бойынша 20__ «__» _______ және 20__ «__» _______ аралығындағы кезең үшін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу бойынша аудиторлық қорытынды (бұдан әрі – аудиторлық қорытынды) жасалды. Аудит басталды _________ Аудит аяқталды ________ (күні) (күні) Аудиттің мақсаты: ____________________________________________________________________________________________ Аудиттің мәні: ____________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ (бюджет қаражаты (бюджеттік бағдарламалар және кіші бағдарламалар бөлінісінде), бюджеттік кредиттер, жарғылық капиталды толықтыруға бөлінетін бюджет қаражаты, бюджеттік инвестициялар, концессиялық жобалар, аудитпен қамтылған гранттар көрсетіледі): ____________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ Аудиттелетін субъектінің байланыс телефондары: телефондар, факс: ________________________________ ____________________________________________________________________________________________ Аудит барысында ұсынылған құжаттар тізбесі: ____________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ Аудит барысында ұсынылмаған құжаттар тізбесі: __________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ 1. Аудиттелетін субъект туралы жалпы мәліметтер 1. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі қайта тіркелуі туралы куәлік: сериясы _____; нөмірі _____ берілген күні __________жылғы «__» ___________. 2. Ұйымдық-құқықтық нысаны: ___________________________ 3. Меншік түрі: _________________________________________ 4. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) көшу туралы мәліметтер: __________________________________________________________________________________ (Иә/Жоқ, ХҚЕС-ке көшкен күні, негізі) 5. Құрылтайшылар (қатысушылар): _______________________________________________________________ (Құрылтайшылардың (қатысушылардың) Т.А.Ә.(болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның құрылтайшының атауы, БСН, жарғылық капиталдың сомасы, қатысу үлесі %-бен) 6. Аудиттелетін субъектінің мекенжайы (заңды): ____________________________________________________ Пошта индексі: _________________________________________________________________________________ Облыс/Аудан:_________________________________________________________________________________ Қала/Аудан:___________________________________________________________________________________ Кент/Ауыл:____________________________________________________________________________________ Көше/Шағынаудан:_____________________________________________________________________________ Үй нөмірі: _____________________________________________________________________________________ Пәтер/бөлме:__________________________________________________________________________________ Аудиттелетін субъектінің мекенжайы (нақты): Пошта индексі: ________________________________________________________________________________ Облыс/Аудан:_________________________________________________________________________________ Қала Аудан:___________________________________________________________________________________ Кент/ Ауыл:___________________________________________________________________________________ Көше/Шағынаудан:_____________________________________________________________________________ Үй нөмірі:______________________________________________________________________________________ Пәтер/Бөлме:_________________________________________________________________________________ 7. Аудитпен қамтылған кезеңде лауазымды адамдар болып табылғандар: ____________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ (Басшының Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН-ы, кезең, бухгалтердің Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН-ы, кезең) 8. Банк шоттары туралы мәліметтер:__________________________________________ (банктің атауы, БСН, БСК, шот №, валюта шотының түрі, ашылған және жабылған күні) 9. Бюджет қаражатын пайдалану мәселелері бойынша алдыңғы аудит (бақылау) туралы мәліметтер (тексеру мәні аудиторлық ұйым жүргізген аудит мәнімен сәйкес келетін басқа мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының және құқық қорғау органдарының бұрын қамтыған мәселелері бойынша ғана қысқаша мәліметтер, аудиттелетін субъектінің мемлекеттік аудит объектісі ретінде қабылдаған, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар көрсетіледі. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бақылауда тұрған қаулылары (нұсқамалары) бойынша орындау мерзімі өткен тапсырмалық тармақтар бойынша шаралар көрсетіледі), соңғы үш жылдағы қаржылық есептілік аудиті туралы мәліметтер (№, күні, аудиторлық ұйымның атауы, аудитордың Т.А.Ә. (болған жағдайда), мекенжайы, аудитордың байланыс телефондары) ____________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ (актінің №, күні, аудиторлық ұйымның атауы, орындаушының Т.А.Ә. (болған жағдайда), аудиттің (бақылаудың) жүргізілген орны, кезеңі және түрі, бұзушылықтар сомасы, бұзушылықтарды жою үшін қабылданған шаралар, аудитордың байланыс телефондары) 10. Қызметтің нақты түрлері туралы мәліметтер:____________________________________________________ 11. Қайта ұйымдастыру туралы мәліметтер:_________________________________________________________ 12. Құрылымдық бөлімшелер (филиалдар және өкілдіктер) туралы мәліметтер: 13. Аудиттелетін субъект оларда меншік иесі (қатысушы) болып табылатын, заңды тұлғалар туралы мәліметтер: ____________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ 14. Есеп саясатының болуы: ________________________________________________(Иә/Жоқ) 2. Аудит мәліметтері Осы аудитпен мыналар анықталды: ______________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ Аудиттің мақсатына қол жеткізілгендігін растау үшін жеткілікті, жүргізілген аудит нәтижелері туралы мәліметтер көрсетіледі. Аудит бағдарламасының мәселелеріне жауаптар белгіленеді, бұл ретте Аудит бағдарламасының әрбір мәселесінің атауы көрсетіледі. Аудит бағдарламасының мәселелеріне жауаптар толық, дәл, объективті және қысқа баяндалады. Аудиттелетін субъект қызметінің тексерілетін мәселелер бойынша нәтижелері аудиторлық қорытындының қосымшаларында толық ақпаратты көрсете отырып, аудиторлық қорытындыда жалпылама түрде белгіленеді. Аудит мәселелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, әрбір бұзушылық фактісі жалғасу тәртібімен нөмірленеді және ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілер мен ішкі актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылықтың сипаты мен түрі баяндалып, жеке тармақпен белгіленеді (1-тармақ, 2-тармақ және т.б.) және тиісті бұзушылыққа дәлел болатын құжаттар көрсетіледі. Егер Аудит бағдарламасының мәселесі бойынша талдамалық сипатқа ие мәселелерден басқа бұзушылықтар анықталмаса, онда қысқаша ақпарат келтіріледі және «Бағдарлама мәселесі (атауы) тексерілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ» деген жазба жасалады. Аудиторлық қорытындыға тексеруге жатқызылған құжаттар тізбесі олардың деректемелері көрсетіле отырып қоса беріледі. Аудиторлық қорытындыға қосымша ретінде ресімделетін мынадай кестелер толтырылады: 1-кесте. Аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуы туралы ақпарат; 2-кесте. Аудитпен қамтылған бюджеттік кредиттердің орындалуы туралы ақпарат; 3-кесте. Аудитпен қамтылған гранттардың орындалуы туралы ақпарат; 4-кесте. Концессиялық және инвестициялық жобалардың орындалуы және қымбаттауы туралы, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының орындалған (қабылданған) көлемдері және құрылыс объектілерін пайдалануға берудің уақтылығы туралы ақпарат; 5-кесте. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын толықтыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы мәліметтер. Аудиторлар аудиторлық қорытындының қосымшылары болып табылатын өзге де қажетті кестелерді жасауы мүмкін. Аудиторлық қорытындыдағы аталған қосымшаларға сілтемелердің болуы міндетті. 3. Аудиттелетін субъект туралы деректер 1. Аудиттелетін субъектінің тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сату бойынша жылдық табыс және жалпы айналым: _________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ 2. Аудиттелетін субъектінің сатып алған тауарлары, жұмыстары және көрсетілетін қызметтері: _____________________________________________________________________________________________ 3. Қызметкерлер саны және олардың табыстарының есептелген сомалары: _____________________________________________________________________________________________ 4. Аудиттелетін субъектінің мемлекеттік сатып алуға қатысуы туралы мәліметтер: _____________________________________________________________________________________________ 5. Аудит (бақылау) нәтижелері бойынша аудиттелетін субъектіге қатысты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының анықтаған, бұрын жойылмаған бұзушылықтар және аудит барысында оларды жою жөнінде қабылданған шаралар: ______________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ 6. Аудиттелетін субъектінің касса, банк шоттары және фискальды жадысы бар бақылау-кассалық машиналары бойынша ақша қаражатының бюджеттік бағдарлама әкімшісінен бюджет қаражатын түпкілікті алушыға дейінгі қозғалысы: _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (шот №, шот валютасы, айналымдар, күнтізбелік жыл басындағы және соңындағы сальдо) 7. Аудит барысында аудиттелетін субъектінің контрагенттері бойынша жіберілген сұрау салулардың нәтижелері: _____________________________________________________________________________________________ 8. Бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша уәкілетті органдар мен ұйымдарға жіберілген сұрау салулардың нәтижелері: _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ 9. Аудиттелетін субъектінің аудит барысындағы экспорттық-импорттық операциялары жөніндегі ақпарат: _____________________________________________________________________________________________ (сыртқы экономикалық қызметке қатысушының атауы, тиісті салықтық кезеңдер бойынша кедендік құнның жалпы сомасы (объектілер саны) 10. Аудиттелетін субъектінің жалған кәсіпорындармен жасалған операцияларының бар-жоғы туралы, айыппұлдар (әкімшілік және т.б.), сот субъект кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жасаған деп таныған, сот жарамсыз деп таныған мәмілелер туралы, тіркелуін сот жарамсыз деп таныған контрагенттермен жасалған, жарамсыз деп танылған операциялар туралы ақпарат, әрекетсіз деп танылған контрагенттермен жасалған операциялар туралы мәліметтер: _______________________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы, ЖСН/БСН, сот актілерінің №, күні, әрекетсіз салық төлеушілерді тану және контрагенттер бойынша операциялардың сомалары) 11. Аудиттелетін субъектінің дебиторлық және кредиторлық берешегі туралы ақпарат: _______________________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның немесе дербес кәсіпкердің Т.А.Ә. (болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы, ЖСН/БСН, айналымдар,тиісті кезеңдердің басындағы және соңындағы сальдо). 12. Аудиттелетін субъектінің шарттары мен мәмілелеріндегі (цессиялар, талаптарын беру, өзара есепке жатқызу, қарсы талаптарды есепке жатқызу, борышты кешу, бас тарту, жаңалық, орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеменiң тоқтатылуы және т.б.) тұлғаларды ауыстыру және міндеттемелерді тоқтату туралы мәліметтер _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ 13. Аудиттелетін субъектінің резидент еместермен операциялар бойынша мәліметтер: _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (резидент еместердің Т.А.Ә. (болған жағдайда), атауы, шарттың (келісімшарттың) нөмірі және күні, есептелген және төленген кірістердің сомасы) _____________________________________________________________________________________________ 14. Аудиттелетін субъектінің өзара байланысты жақтары туралы мәлімет: _____________________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның, дербес кәсіпкердің Т.А.Ә. (болған жағдайда), заңды кәсіпкердің атауы, ЖСН/БСН) 15. Бюджет қаражатын пайдалану бойынша қылмыс ретінде жазаланатын әрекеттердің белгілері туралы мәліметтер: ________________________________________________________________________________________ 16. Қосымша мәліметтер: ________________________________________________________________________ 17. Аудит барысында қабылданған шаралар. Аудиттелетін субъектінің аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылдаған шаралары туралы мәліметтер көрсетіледі (салықтарды, айыппұлдарды, өсімпұлдарды жете есептеу, негізсіз пайдаланылған қаражатты бюджетке өтеу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік бойынша қаражатты қалпына келтіру, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің шарттық міндеттемелерін орындауы, аудиттелетін субъектінің лауазымды адамдарына қолданылған тәртіптік жазалау шаралары және басқалары). 18. Аудиторлық қорытындыға қосымша ____ парақ. Аудит жүргізген адамдар: _____________________________________________________________________________________________ (Аудитор-орындаушылардың Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы, аудиторлардың мөрі, біліктілік куәлігінің №, берілген күні) Аудиторлық қорытындыны: _________________________________________________________________алдым. (Аудиттелетін субъектінің не (немесе) оның өкілінің Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы, күні) Аудиторлық қорытынды аудиттелген субъектіге табыс етілді: ____________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (Аудиторлық ұйымның лауазымды адамының Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы, күні) Аудиторлық қорытынды аудиттелген субъектіге жіберілді: ____________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (оның жіберілгенін және (немесе) қолма-қол, хабарламасы бар тапсырыс хатпен алу фактісін растайтын құжат). 19. Аудиторлық қорытынды нөмірленеді, тігіледі және аудитордың мөрімен бекітіледі. 20. Қосымшалар: 1) аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер тізілімі (міндетті түрде); 2) тиісінше куәландырылған құжаттардың көшірмелері, анықтамалар, кестелер, бұзушылық фактілерін көрсететін фотосуреттер; 3) функционалдық және лауазымдық міндеттеріне қарай, жол берілген бұзушылықтарға қатысы бар адамдардың жазбаша түсіндірмелері (қажет болған жағдайда); 4) бақылау өлшемі және тексеріп қарау актілері (оларды жасаған жағдайда); 5) зерттеулердің (сынақтардың және тағы басқа), сараптамалардың қорытындылары, хаттамалардың көшір­мелері, аудиттің нәтижелеріне байланысты басқа құжаттар немесе олардың көшірмелері (оларды жасаған жағдайда); 6) мемлекеттік органдар мамандарының, сарапшылардың (тартқан жағдайда) сараптамалық қорытындылары; 7) мемлекеттік қызметті алушылардың қанағаттанушылығы тұрғысынан халыққа сауалнама жүргізу нәтижелері (қажет болған жағдайда); 8) ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар (аудит барысында қаражатты өтеген (қалпына келтірген) жағдайда): төлем тапсырмалар (төлеуге берілетін шоттар, түбіртектер, чектер және (немесе) басқалар); тізімдемелер, ордерлер, өкімхаттар; мемлекеттік аудит объектісінің ақы төлеу фактісін растайтын (түсіндіретін) жазбаша түсіндірмелері (шығыс нөмірі мен күні көрсетілген ресми бланкте); 9) аудиторлық қорытындының танысуға және қол қоюға жіберілген күнін растайтын құжат (көшірме) (қоры­тындының танысуға және қол қоюға қабылданғандығы туралы аудит объектісінің мөртабаны болмаған жағдайда). 10) Аудиттелген субъектінің Аудиторлық қорытындыға түсініктемесі және (немесе) қарсылығы Ескертпе: Арнайы мақсаттағы аудиттің аудиторлық қорытындысындағы ақпарат бөлінген бюджет қаражатының шеңберінде көрсетіледі. 20_жылғы «__» _____ Аудиторлық қорытындыға №__ қосымша 1-кесте. Аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуы туралы ақпарат (мың теңге) Р/с № Бюджеттік бағдарламалар-дың (кіші бағдарла­малардың), ерекшеліктердің атауы Бюджеттік бағ­дар­лама әкімшісінің бюджет жобасына бюджеттік өтінім бойынша қаражат қажеттілігі Даму жоспарының жыл басына бекітілген сомасы Бекітілген соманың бюджеттік өтінім қажеттілігі-нен ауытқуы (+;-) Даму жоспарының жыл соңына түзетілген (нақ­ты­ланған) сомасы Жыл қорытындысы бойынша төленген міндеттемелер Түзетілген (нақ­ты­­лан­ған) сома мен төленген мін­деттемелер ара­сын­дағы ауытқу, қара­жат­тың иге­ріл­меу себеп­терін көрсету Жыл қорытындысы бо­йынша нақты шығыстар Төленген міндет­те­ме­­лер­дің жыл қоры­тын­дысы бойынша нақты жүр­гізілген шығыс­тардан ауытқу себептері 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Бюджеттік бағдарлама кіші бағдарлама ерекшеліктер Барлығы Ескерту: 3-бағ. – даму жоспарының бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісіндегі жыл басына көзделген қаражаты; 5-бағ. – даму жоспарының бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісіндегі жыл соңына көзделген қаражаты; 6-бағ. – баланс деректері; 7-бағ. – баланс деректері. 20_жылғы «__» _____ Аудиторлық қорытындыға №__ қосымша 2-кесте. Аудитпен қамтылған бюджеттік кредиттердің орындалуы туралы ақпарат (мың теңге) Р/с № Бюджеттік бағдарламалар-дың (кіші бағдарла­малардың), ерекшеліктердің атауы Бюджеттік бағ­дар­лама әкімшісінің бюджет жобасына бюджеттік өтінім бойынша қаражат қажеттілігі Даму жоспарының жыл басына бекітілген сомасы Бекітілген соманың бюджеттік өтінім қажеттілігі-нен ауытқуы (+;-) Даму жоспарының жыл соңына түзетілген (нақ­ты­ланған) сомасы Жыл қорытындысы бойынша төленген міндеттемелер Түзетілген (нақ­ты­­лан­ған) сома мен төленген мін­деттемелер ара­сын­дағы ауытқу, қара­жат­тың иге­ріл­меу себеп­терін көрсету Жыл қорытындысы бо­йынша нақты шығыстар Төленген міндет­те­ме­­лер­дің жыл қоры­тын­дысы бойынша нақты жүр­гізілген шығыс­тардан ауытқу себептері 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Бюджеттік бағдарлама кіші бағдарлама ерекшеліктер Барлығы Ескерту: 3-бағ. – даму жоспарының бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісіндегі жыл басына көзделген қаражаты; 5-бағ. – даму жоспарының бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісіндегі жыл соңына көзделген қаражаты; 6-бағ. – баланс деректері; 7-бағ. – баланс деректері. 20_жылғы «__» _____ Аудиторлық қорытындыға №__ қосымша 3-кесте. Аудитпен қамтылған гранттарды пайдалану туралы ақпарат (мың теңге) Р/с № Бюджеттік бағдар­ламалардың (кіші бағдарламалардың), ерекшеліктердің атауы Грантты пайдалану кезеңі Өтінім бойынша қаражат қажеттілігі Даму жоспарының жыл басына арнал­ған бекітілген сомасы Бекітілген соманың өтінім қажеттілігінен ауытқуы (+;-) Даму жоспарының жыл соңына түзе­тіл­ген (нақтыланған) сомасы Пайдаланылған грант­тар сомасы және оларды мақсаты Түзетілген (нақты­лан­­ған) сома мен пайда­ланыл­ған гранттар арасын­да­ғы ауытқу, қара­жат­тың пайдаланылмау себептерін көрсету Жыл қоры- тын­дысы бойынша нақты шығыстар Пайдаланылған грант­тардың жыл қо­рытындысы бо­йын­ша нақты жүр­гі­зілген шығыс­тардан ауытқу себептері 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Ескерту: 3-бағ. – даму жоспарының бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісіндегі жыл басына көзделген қаражаты; 5-бағ. – даму жоспарының бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісіндегі жыл соңына көзделген қаражаты; 6-бағ. – баланс деректері; 7-бағ. – баланс деректері. 20_жылғы «__» _____ Аудиторлық қорытындыға №__ қосымша 4-кесте. Концессиялық және инвестициялық жобалардың орындалуы және қымбаттауы туралы, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының орындалған (қабылданған) көлемдері және құрылыс объектілерін пайдалануға берудің уақтылығы туралы ақпарат Р/с № Бюджеттік бағ­дар­­ла­ма­ның (кіші бағ­дар­ламаның) инвес­тициялық/ кон­цессиялық жоба объектісінің/ атауы Бекітілген инвес­ти­циялық/ концессиялық жобаның құны Инвестициялық/ кон­цессиялық жобаны іске асыру кезеңі Соның ішінде Мемлекеттік сараптама жасау бойынша құрылыстың сметалық құны (мың теңге) Іске асыру кезеңі Құрылыстың шарттық құны (мың теңге) Құрылыс басталғаннан бері орындалған (қабылданған) көлем (мың теңге) Шартқа сай объектіні пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі Объектіні пайдалануға берудің нақты мерзімі Объектілерді пайдалануға уақтылы бермеудің себептері Құрылыстың қымбаттау сомасы Құрылыстың қымбаттау себептері Құрылысқа арналған сома Басқа тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге арналған сома құрылыстың нормативтік ұзақтығы шарт бойынша 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 1. 2. … жалғасы Инвестициялық/концессиялық жо­баға сәйкес тауар­лардың, жұмыс­тар­дың және қыз­мет­тердің құны Соның ішінде жер учаскесінің негізгі құралдары Соның ішінде ма­те­риалдық емес активтер (бағ­дар­ламалық қам­та­ма­сыз ету және басқалары) Шартқа сәйкес құны Шартқа сәйкес тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету мерзімі Нақты шығыстар Қымбаттау сомасы Қымбаттау себептері Тауарларды жеткізудің, жұ­мыстарды орын­даудың және қызметтерді көр­се­тудің нақты мерзімі Ауытқу себептері 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 20_жылғы «__» _____ Аудиторлық қорытындыға №__ қосымша 5-кесте. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын толықтыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы мәліметтер Р/с № Бюджеттік инвестициялар­дың қаржылық-экономикалық негіздемесі Бюджет қаражаты қандай мақсаттарға бөлінді Жарғылық капиталдың көзделген қаражаты Жарғылық капиталдың бөлінген қаражатының нақты пайдаланылуы Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларға қол жеткізу нәтижелері іс-шара сома (мың теңге) іс-шара сома (мың теңге) 1 2 3 4 5 6 7 8 1. ... Ескерту: 2-бағ. – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың негіздемесі, орындылығы және нәтижесін бағалау; 3-бағ. – заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражатының есебінен ұлғайтуға қызметті дамыту немесе кеңейту мақсаттары үшін жол беріледі; 4-бағ. – қаражатты қандай іс-шараларға пайдалану жоспарланды; 5-бағ. – жоспарланған қаражат сомасы; 6-бағ. – қаражат қандай іс-шараларға нақты пайдаланылды; 7-бағ. – нақты шығыстар сомасы; 8-бағ. – қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген мақсаттарға қол жеткізілді ме, бөлінген бюджет қаражатын оқшаулау фактілері жоқ па. Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12595 болып енгізілді