26 Маусым, 2016

Шымкентте жоғалған 14 жасар оқушы қыз табылды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-06-16-Lilya-Axmetova-1

Фото: ТВК

Бұдан бұрын Шымкент қаласында Лилия Ахметова есімді 14 жасар мектеп оқушысының кенет жоғалып кеткенін хабарлаған едік. Енді жергілікті ТВК телеарнасының мәліметінше, сол қыз 22 маусым күні табылған. Бұл туралы ақпарды арна редакциясына қыздың анасы – Наталья Алымова жеткізген. Оның телефон арқылы айтуынша, бірнеше күн бойы полицейлер мен еріктілерді дүрліктірген 8-сынып оқушысы сол уақыттың бәрінде бір туыстарының үйінде жүріпті-міс... Бірақ қыздың ешкіммен сөйлескісі келмейтін көрінеді. «Бұл оқиға туралы анық-қанығын кейін хабарлаймыз», - деп жазады телеарна тілшісі. Еске сала кетейік, маусымның 15-не қараған түні Шымкенттегі Чапаев кентінде Лилия Ахметова үйден шығып кеткеннен қайтап оралмаған. Туған-туыстары Лилияны алдымен өздері іздейді. Табылмағасын 17 маусым күні Әл-Фараби полиция бөліміне келіп хабарлайды. 36 жастағы қала тұрғынының айтуынша, 15 маусымға қараған түні 2002 жылы туған қызы Лилия Ахметова құрбысының үйіне кетіп, қайтып оралмаған. Бір анықталғаны, жасөспірім қыз бұған дейін де үйінен кетіп жүрген екен. Бақтияр ТАЙЖАН.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше