26 Маусым, 2016

Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан шығуды қалайды

998 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25-06-16-sevirlandia

Фото: РИА Новости

Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығатыны Солтүстік Ирландияның тарихи отаны – Ирландиямен қайта қосылу жөнінде референдум өткізу мәселесін көтеруіне негіз болып отыр. ВВС агенттігінің хабарлауынша, мұны Солтүстік ирландияның ірі ұлттық партиясы – «Шинн Фейіннің» төрағасы Деклан Кирни мәлімдеген. «Референдум нәтижесі мұндағы саяси ландшафтты күрт өзгертіп жіберді. Біз енді Ирландиямен бұрынғысынша ортақ шекарамыздың болғанын қалаймыз», - деді Кирни. Саясаткер референдум нәтижесі ирланд халқының Еуроодақта қала беруді қалайтынын көрсетсе, соның өзі Британия үкіметін Солтүстік Ирландия мүддесін қорғау құқынан айыратынын жеткізді. Еске сала кетейік, осының алдында Ұлыбританияда өткен референдумда дауыс берушілердің 51,9 пайызы елдің Еуроодақ құрамынан шығуын қалаған еді. Талғат РАЙЫМБЕК.