Фото: life.ru[/caption]
Футболдан Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының финалдың 8/1 бөлігінде Германия құрамасы Словакия командасын 3:0 есебімен ұтты.
Кездесуде Германия 8 минутта екі рет қауіпті жағдай жасап, тез гол соқты. 8 минутта Жером Боатенг алғашқы голдың авторы атанды. Содан кейін допты ұстап, словактарға өздеріне келуге мүмкіндік берді. Бұл матчта Солтүстік Ирландиямен ойында доп соққан Марио Гомес негізгі құрамда шығып, тағы да бір допты қарсыластар қақпасына тоғытты. Ол 43 минутта таблодағы есепті өзгертті.
Екінші таймда Словакияның айып доп алаңында жалғыз өзі қалған Юлиан Дракслер бұрыштамадан әуелетіп берілген допты пайдаланып, үшінші голды соқты. Осы гол қалың ұйқыға кетіп бара жатқан Словакияның қорғаушыларын оятты. Бірақ, оларға таблодағы есеп 3:0-ді көрсетіп тұрғанда 25 минутта есепті теңестіру мүмкін болмады. Осыдан кейін Германияның бас жаттықтырушысы Йоахим Лев команданың ардагерлері Лукас Подольски мен Бастиан Швайнштаймгерді алаңға шығарды. Олар Сами Хедира, Месут Озил, Томас Мюллер, Тони Кросстың ойындарына тез ілесіп, ойынды қыздырды. Кездесудің соңғы минуттарында «неміс машинасының» төртінші голды соғуға мүмкіндігі болған. Алайда, барға қанағат қылатын Германия Словакияға бола көп күш жұмсамай үш голмен шектелді. Матч соңында Йоахим Лев: «Ойын жақсы болды. Ең бастысы ширек финалдың жолдамасы қалтада. Одан артық тағы не керек?» деді. Соған қарағанда, «неміс машинасының» Словакияны аса қиналмай ұтатынын өзі де білген болу керек. Бұл кездесуде Словакия қарсыластарынан барлық жағынан ұтылды. Германия допты ұстау, алаңды иелік ету, қақпаға допты дәл бағыттау, дәл пас беру бойынша басымдық танытты.
Енді Йоахим Левтің командасы Италия мен Испания ойынында жеңген құрамамен кездеседі. Бұл кездесу бүгін кешкі сағат 22.00-де өтеді. Ал ширек финалдық матч 2 шілде күні Бордо қаласында болады.
Германия – Словакия – 3:0 (2:0)
Голдар: Боатенг 8’ – 1:0, Гомес 43’ – 2:0, Дракслер 63’ – 3:0
Германия: Нойер, Киммих, Боатенг (Подольски 72’), Хуммельс, Хектор, Хедира (Швайнштайгер 76’), Кроос, Озил, Дракслер (Хёведес 72’), Мюллер, Гомес.
Словакия: Козачик, Пекарик, Шкртел, Дюрица, Дьомбер, Грошовски, Шкриньяр, Гамшик, Куцка, Вайсс (Грегуш 46’), Дюриш (Шестак 64’).
Ескерту: Киммих 46’, Хуммельс 67’ — Шкртел 13’
Төреші: Марциняк Шимон.
26 маусым. «Пьер Моруа» стадионы (Лилль).
Дастан КЕНЖАЛИН.
• 27 Маусым, 2016
Футбол. «Еуро-2016». «Неміс машинасы» әрі қарай жүреді

Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13