27 Маусым, 2016

Алматы облысында жоғалған медбикенің денесі табылды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-06-16-esenalieva

Алматы облысына қарасты Қарасай ауданында жоғалып кеткен аудандық аурухана медбикесі Гүлнар Есенәлиеваның өлі денесі табылды. 7sunews.kz ақпарына қарағанда, ол бақытсыздық жағдайында кездейсоқ қаза тапқан. Іздестірушілер медбикенің денесін Қаскелең өзенінің арнасынан тапқан. Ол 18 маусым күні медицина қызметкерлерінің мерекесіне байланысты өткізілген корпоративтік кештен кейін жұмбақ жағджайда жоқ болып кеткен. Полиция медбикенің жоғалуына орай бірнеше версияны қарастырып көрді. Соның ішінде бақытсыз оқиға деген болжам көбірек ойға алынды. Сол жоғалып кететін күні әріптестері өзен жағасынан оның сумкасын тауып алған. Ертесіне үлкен ұлы бір туфлиіне кезіккен. Полиция қызметкерлері мен еріктілер оны Қаскелең өзенінің жағасынан іздесе, құтқарушылар өзен арнасын қараған. Нәтижесінде марқұмның денесі оның суға құлаған жерінен екі шақырым төмен аумақтан тауып алған. Гүлнар Есенәлиеваның соңында бірі 22-дегі, екіншісі 11-дегі екі ұлы қалды. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ.
Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15