05 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығы №415

413 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2010 жылғы 27 қараша, Астана қаласы Мамандандырылған оқу ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы­ның 25-2-бабына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мамандандырылған оқу ұйымдарына қойылатын талаптар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағ­да­й­лар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Тө­тен­ше жағдайлар министрлігінің интернет-ре­сур­сында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағ­дай­лар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 8 қаң­тар­дан бастап туындаған қатынастарға қол­данылады. Министр В. БОЖКО Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 27 қараша №415 бұйрығымен бекітілген Мамандандырылған оқу ұйымдарына қойылатын талаптар 1. Мамандандырылған оқу ұйымдары өрт қау­іпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі сараптау ұйымдарының мамандарын кәсіби қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында құрылады. 2. Мамандандырылған оқу ұйымдары тың­даушыларды сапалы дайындау мақсатында оқу-әдістемелік кешенін құрады, ол мыналарды: өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен өрт қауіпсіздігі саласындағы сараптау ұйымдары үшін мамандарды арнайы оқыту бағдарламасын; оқыту бағдарламасының мазмұнын қамтитын оқу-әдістемелік құралдарын; көрнекі құралдармен, макеттермен жабдық­талған мамандандырылған оқу сыныптары мен кабинеттерін; интегралдық модель бойынша өрттің қауіпті факторларының даму қарқынын анықтау үшін мультимедиялық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді; оқу әдебиеті қорын, қағаз және электронды тасығыштарда арнайы дайындық бойынша дидактикалық материалды қамтиды. ––––––––––––––––– Бұйрық Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2011 жылғы 5 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6727 болып енгізілді.