* Суретші көзімен
Құлдық психология Жекеменшік мал фермері Пықып бұдан гөрі оқып-тоқығаны бар, көзі ашық ағасы Ақалақ ауылға әкім болып бекігенде: – Көке, әкім болдыңыз, әкімдігіңіз мемлекеттік қызметке жатады, бұған дейінгі «бұрқыратып» келген сын-мініңізге абай болыңыз, – деп қалып еді, ағасы алара қарап: – Құлдық психологиядан арылар күнің болар ма екен сенің! Құлдық құлдырау ана қарамағыңдағы малшыларыңа ғана жарасады, – деп алып, айда кеп лепірме «лекциясын» оқысын... Ауыл жұрты да ағасының осы бір сыншыл-міншіл қызба мінезін бағалап, ауданға келген жаңа әкім ел-жұртты жинап ауылды басқаратын адамды өздеріне жүктегенде, бірауыздан осы Ақалақты ұсынып бекіттіріп алғаны бар. Көп өтпей ағасы ауданда өткен алқалы жиылыста сөзін кіл сынап-мінеуге бағыштап: – Құлдық психологиядан арылмай адам болмаймыз! Мәңкиіп, бастық атаулының қисынсыз іс-әрекетіне: «Ләббай тақсыр!» деп бас шұлғып мәңгіріп жүре берсек күніміз қараң, болашағымыз бұлыңғыр!.. – деп көсілгенінде бұл жер шұқып жексен болып, артын күтпей, бірге барған ағасынан бұрын ауылға келіп алғаны бар. Не істесін, өз қолын өзі кесе ме... Айтқан бағытынан қайтпайтын қырсық мінезі бала кезінен бар. Айтып көрсін... Қайтарымы ағыл-тегіл болатынын біледі. Мұндайда «бүкірді мола ғана түзейді» деуші ме еді. Аудан да қарап жатпапты, онда да «көзі қарақтылар» жетіп артылады, алты айлық қорытынды бойынша бұлардың ауылын сын тезіне салып, Ақалақ ағасына сөгіс арқалатып жіберіпті... Ағасы да айылын жимай, кезекті облыстық басқосуда килігіп сөз алып мінберден айда кеп көсіліпті деп естіді... Онысын тәуелсіз телеарна іліп алып, «ілгері» оздырыпты. Облыс бұнысына «осқырына» қарап, екі ай өтпей ағасының «ой-шұңқырын» қазбалап... не керек, қай-қайда да бар кемшіліктің тізбесін тізіп, ағасына «қатаң сөгісті» бұйыртты. Ағасы да қарап қалмай, оппозициялық басылым бұның «Құлдық психология құрдымға құлатады» атты көлдей мақаласын жариялап, айды аспаннан бір-ақ шығарғанын қайтесің... Бір-ақ күнде: «Ауыл әкімі Ақалақ Асабас қызметінен босатылсын» деген бұйрық бұрқ етіп, ағасы «атынан» аударылып түсіп, баяғы қызметсіз таз қалпына түсе қалды. Бауыр – бауыр ет... Мал фермер Пықып үйлі-жанды Ақалақ ағасын бір-ақ күнде тау асырып малы жайлаған жайлаудан шығарды... Сондағы қора-қопсыға қарайды, кезектесіп қой бағады... Естуінше ағасы сондағы екі-үш қойшының басы қосылғанда ағыл-тегіл «құлдық психология» туралы лекциясын анда-санда тау-тасты жаңғырта оқып қояды екен... Ерсұлтан МАҒЖАН Талдықорған Ойран Мерекелік аста – Аяқ басқа, Бас аяққа бағынбады. Көз алақтап, Тіл салақтап, Ауыз көпіріп, жабылмады... Екі қол ербеңдеп, Екі аяқ «серуендеп», Орындарынан табылмады. Сөйтсек, Басшылық жасайтын бас, Өзі екен-ай мас. Құлаққағыс Жемқор-ау! Мен де, Сен де, Бәріміз де пенде. Бойға сіңген «кесел», Берілмей жатыр-ау «емге». «Ауру батпандап кіріп, Мысқалдап шығады» деген, Қайдан кете қойсын демде?! Еңбек етсін деп елге, Жемейді-ау деген жерге, Шын періште шығар деп, Шығарған едік төрге. Ал сен болсаң... Ие болған соң мөрге, Елді сүйремей өрге, Өзің қымқырдың миллиардтап, Алып кететіндей көрге... Жетер енді, қойсай! Мен және жемқор Зейін басқа, Пейіл басқа мендегі. Пиғыл басқа, Құлқын басқа сендегі. Өте терең өңешіңнің оқпаны, Елдің қиын енді саған сенбегі. Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА Сүймен «бастық» Сом темірден құйылған, Көзге түсті қиырдан, Тиген жерін қопарып, Қара күшке сыйынған, Бір сүймен бар еді, Ұйқы-тұйқы «жан» еді. Сөйтіп жүріп мақталды, Есімі ерекше естіліп, Ауыздан-ауызға жатталды. – Қайрат, жігер қаншалық, Еңбек етеді жан салып, Қара тасты қан қақсатады, Еменді тамырымен жұлып, жамбастатады. «Нервісі» мықты құрыш қой, Турасын айту дұрыс қой, – Деп, жоғары жақтағы «Айбалта» деген ағасы, Беделі таудай, шамасы, Сүйменді бастық қып өсірді, Мәселе бірден шешілді. Арада зырғып бір жыл өтті, Сүймекең жан-жағын қылғып өтті. «Көзқарасы ескі» деп, Ортасынан кескілеп, Самауырын, қазанды қабыстырды, Құманды «кран бар ғой» деп, Қырық турап, қара жерге жабыстырды. Қойшы әйтеуір, Темір-терсектің бәрін «үн» қылды, Байғұстар-ай, жан ұшырып, шыңғырды. Ағаш біткенді отын қылды, Үстел, шкафты қиратып «тоқым қылды». Ал, үлкенді-кішілі, Шикілі-пісілі, «Сүйменшіктерді» аялады, Қамқорлығын аямады, Айда шап, тентек-теліні, Көлеңкесімен саялады. Бір күні болат пышақ, Былай деді саңқыл қағып: – Әй, Сүйеке, жан-жағыңа қарамадың, Жұрттың бәрін алаладың, Талайды өлтіріп, «Барса келмеске» кетіріп, Майып қылдың, жараладың... Бұған қосылып Шаңсорғыш: – Бұл Сүймен нағыз жемқор, Қараниет қансорғыш... – Деп, гуілдеді, Кетесің қалайда бүгін деді. Өзге де ыдыс-аяқ, ағаш бұйым, Айқайға басып «дірілдеді». Ақыры Сүймен құрықталды, «Крышасы» Айбалта бұғып қалды. Әңгіме бітіп ақыры Сүймен «металломға» тапсырылды. Әзірбайжан ҚОНАРБАЕВ Маңғыстау облысы Ақыл айтайын ба? Нағыз еркек таңертең әйелін егер ол үйме ыдыстарды жуып тазартатын болса, онда ол кешкі ас әзірлейтініне сендіріп бағады. Одан соң ол кешке дейін әйелінің асты өте дәмді етіп пісіретініне сендіріп бағуы керек. *** Дәрігердің қажытқан кісіге айтқаны: – Семіздігіңізге сеп болар дәріңіз, міне. Ыдысында 300 тал. Оны ішудің қажеті жоқ. – Ол сонда қалай көмектеспек? – Қарапайым ғана. Күніне үш мезгіл ыдыстағы дәріңізді еденге төгіңіз де, содан оның әр талын жеке-жеке теріп үстел үстінде тұрған ыдысына қайтадан салыңыз. Сөйтіп, бір айдан соң маған қайта келіңіз. *** Армансыз, алаңсыз ғұмыр кешкіңіз келсе, өміріңіздің жартысын әке-шеше мойнында өткізіп, қалған жартысы балаларыңыздың алақанында өтсін. *** – Ешқашан автобустың, әйелдің және жаңа экономикалық реформаның соңынан қуудың қажеті жоқ. – Неғып? – Өйткені, олардан соң іле-шала жаңасы пайда болады. * Бірде «Келiншектерге көз қысып жүр» «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай ауруханада кешкiсiн серуендеп жүрiп Шора Сарыбаев ақсақалды жолықтырады. Күнде ақсақалдың шығатын мезгiлiн аңдып, бiраз әңгiмесiн тыңдайды. Шөкеңнiң әңгiменi майын тамызып айтатынынан көзiқарақты қазақтың бәрi хабардар. Шөкең қасында екi шал бар әңгiме соғып отырады. Әлгiлер өз жанынан шығарып әңгiме айта алмай, аузын ашып, көзiн жұмып тыңдап отыра бередi. Әңгiменiң бiр үзiлiсiнде Шөкең: – Мына екi шал осында келгенде көтерем едi, менiң әңгiмемнен кейiн оңалып, қазiр тiптi қутыңдап қалды, келiншектерге көз қысып жүр, – дейдi. Сонда Қалекең: – Бұл кiсiлердi дәрiгер емес, сiз емдеп жатыр екенсiз ғой, – деген екен. «Әйелi салақ базардан iшедi...» Редакция қызметкерлерi түскi ас үшiн үйлерiне бара бермейдi. Бұл – қалыптасқан жағдай. Бiразы асхана мен кафеде, кейбiрi кеңседе-ақ тағам-шәйлерін iше бередi. Осындай түскi тамақтың кезiндегi сапырылыста бір жігіт ұжымның ақсақалы Сәрсенбек Бекмұратұлына қаратып: – Асхана жағаламай-ақ, үйден әкелгенiмiздi кеңседе талғажау қылмаймыз ба? – дейдi. Сонда Сәрсекең: – Әйелi жақсы қазаннан iшедi, әйелi салақ базардан iшедi, – деген екен өзі асханаға кетіп бара жатып. «Ақсақалдар тұрғанда...» Жоғары лауазымға ауысқан газет қызметкерiн шығарып салу рәсiмi жүрiп жатты. Мәселенiң мән-жайымен редакция басшысы таныстырып, әрiптесiмiзге сәт сапар тiледi. «Ендi тiлектерiңдi бiлдiре берiңдер», деп кезектi ұжымға бердi. Қалыптасқан дәстүр бойынша алдымен жасы үлкендер, сосын рет-ретiмен қалғандары сөз алатын. Бұл жолы басқаша болды. Асығыстық танытқан бөлiм меңгерушiсi Нұржамал Байсақал ортадан киiп кеттi. Осы кезде жасы үлкендердiң санатындағы Өтеш Қырғызбай: – Ойпыр-ай, ақсақалдар отырып, Байсақалдар сөйлейтiн болған ба? – деген екен. «Жағың сынса да...» Кішігірім жол апатына түсіп, жағына аздап зақым келген бір досы Қали Сәрсенбайға «көңілімді сұрамадың» деп ренжіп жүріпті. Бірде көңіл сұрай барғанда досы тағы да ренішін айтып қалыпты. Сонда Қалекең: – Сендей жігітке мұндай оқиға не тұрады?! Ең бастысы, амансың, жағың сынса да, сағың сынбасын, – деген екен. Көрген БІЛГЕНОВ АСТАНА * Татар әзілдері Жыршы Жыршы бір жолдасына: – Кешегі менің концертімде болған шығарсың. Ел сыймады дей ме? – Болғанда қандай. Сенің дауысыңа орын қалдыру үшін адамдар бүтіндей залды бос қалдырып, үйлеріне қайтып кетіп бара жатты... Екі саудагер Саудагерлер айтысып отырып, бірі: – Сен мені бір рет сатқанша, мен сені он мәрте сатып жібере аламын, – депті бөсіп. Сонда екінші саудагер: – Дұрыс айтасың, достым. Мені сатуға болар, ал өзіңді сатып болмайды. Өйткені, сені ешкім бір тиынға да алмайды... – деген екен. Кім обыр? Біреу үйіне келген қонағының алдына құрма қойып, оны өзі де қосыла жеп, желінген сүйектерін жайлап қонағының алдына ысыра беріпті. Жеміс таусылған соң иесі: – Әй, сен өзі жебір екенсің, қаншама құрма жегенсің? Қарашы, алдыңда сүйек деген үйіліп қалыпты ғой, – дегенде, қонағы: – Өзің менен өткен обырсың-ау! Себебі, алдыңда бір де бір сүйек жоқ, құрманы сен сүйегімен асағансың-ау, шамасы... – депті. Қам жемеңіз Бір әйел мал дәрігеріне шағынып: – Итім бензин ішіп қойып, айналшақ болып қалған сияқты, – дегенде, дәрігер: – Оған сіз еш уайым жемеңіз, бензині таусылған соң өзінен-өзі тоқтайды, – деп жұбатыпты. Ауыр садақа Бір молда қалада жүргенде, соңынан біреу қалмай садақа береді. Дұғаны қысқа қайырып, молда жүріп кетеді. Молдаға тағы бір кісі садақа береді. Ол оған ұзақ-ұзақ дұға оқиды. – Хазірет, – дейді сонда бірінші кісі, – неге сен оған дұғаны көбірек оқисың, маған шолақ қайырып едің ғой? – Сенің бергеніңді Құдай тағала жылдам алып кетті... Ал мына кісінікі көптеу әрі ауырырақ еді, сондықтан Алла оны көпке дейін алып кете алмай тұрды, – депті молда. Шырынхан АЛАШ Оңтүстік Қазақстан облысы ӘКЕ-БАЛА ӘЖІҢ-ГҮЖІҢІ Қызы әкесіне телефон шалады: – Әке, мені алып қашып кетті. – Не деп тұрсың, қандай оңбағандар сені алып қашқан? – Білмеймін, әйтеуір, «Лексус» деген көлігі бар, нөмірі 777... – А-а, жөн екен, бақытты бол, қызым... * * * Әкесі оқушы баласына: – Бүгін неше алдың? – Бес! – Жарайсың, қай сабақтан? – Ана тілінен үш, математикадан екі... * * * Оқушы бала анасына: – Маған 100 теңге беріңізші. – Өткен жолғыдай жоғалтып алсаң ше? – Онда 500 теңгелікке орап беріңіз... * * * – Балам, сабақ қалай? – Өте жақсы, әке. 5-сыныппен келісімшарт бір жылға созылды! Ха...ха... тағы да – Бәрекелді, төрле! Кіргелі тұрғасың жоқ қой көрге! А... а, Қалбағай, сен бе? – Иә... Бәке! Е, Бәке! – Хал қалай? (Бәкең ыңыранды, Бір-біріне ұқсап тұрған Қарыны мен бетін сипалады, Бес тал шашын ұйпалады. Бұл қылығы: Бойында жоқ жортағы Кәдімгі ұлылардың «ұрпағы»). – Жұтып жатырмыз ғой, Талғамай! – Балалар ше? – Қол-аяғы балғадай. – Жарыңыз ше? – Екі ат тартар арбадай. – Арман жоқ екен. – Оһ, неге? Бір бүйірде орын тұр ғой, Мынаны, ананы... ана біреуін Толар емес жалмамай. – О, жалған-ай! – Н... е, жалған-ай! Ей, қайдан жүрсің, Қалбағай? Жөніңді айт...шы зарла...май. – Бәке, бәрекелді Әне, бірін әкелді. – Ха... ха... тағы да Келіп жатыр бағыма. – Әй, Қалбағай, Тіл мен жағыңды беземей ары тұр Ал сен, үйге жүр. * * * Бір жалап алып ерінді, Қалбағай артқа шегінді. Алыстан НҰРАҰЛЫ Алматы облысы Мүйісті жүргізетін Берік САДЫРБурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше