Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
2015 жылғы 29 желтоқсан № 827 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің
2015 жылғы 24 желтоқсан № 749 Астана қаласы
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ
Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын
сақтауды тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 143-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз:
1. Осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауды тексеру парағы бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 478 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 419 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11828 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 қыркүйекте жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
________________ Е.ДОСАЕВ
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
______________ В.ШКОЛЬНИК
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы
________________ С.Айтпаева
2015 жылғы 24 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №827 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №749
бірлескен бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауды тексеру парағы (магистральдық құбырдың меншік иесіне немесе магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін көрсететін ұйымға,
ұлттық операторға қатысты)
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт ________________________________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы ___________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН____________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ___________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
№ Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етіл-мейді Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді
1 2 3 4 5 6
1 Мұнай және газ саласындағы тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға лицензияның болуы
2 Теңіз айдынында тартылған магистральдық құбырда авариялардың алдын алу құралдары, сондай-ақ авария болған жағдайда немесе жөндеу жұмыстары кезінде теңіз айдыны арқылы тартылған магистральдық құбырды өнімді теңізде өндіру объектілерінен ажыратуға мүмкіндік беретін бекіткіш арматура орнату талабын сақтау
3 Мұнай тасымалдауға арналған магистралдық құбырларды «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру талабын сақтау
4 Мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерді жөнелтушілерге магистральдық құбырлар жүйесінде мұнай тасымалдаудың қолданыстағы маршруттары бойынша мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау кестесіне сәйкес ұсыну талабын сақтау
5 Магистральдық құбырдың еркін өткізу қуаты бар кезінде магистральдық құбырдың меншік иесі не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға немесе олардың атынан жөнелтушілерге өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге уәкілеттік берілген оператор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, барлық жөнелтушілерге өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерге қолжетімділікті ұсынудың тең жағдайларын қамтамасыз ету талабын сақтау
6 Магистральдық құбырдың шектеулі өткізу қуаты кезінде мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбырмен тасымалдау жөнінде қызметті көрсетудің кезектілік бойынша тәртібін сақтау
7 Магистральдық құбырдың меншік иесі не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға есепті уәкілетті органға мерзімінде ұсынуы
Лауазымды тұлға (тұлғалар) ___________ _________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
__________ _________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
Тексерілетін субъектінің басшысы _________________________________ _________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы) (қолы)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 9 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13023 болып енгізілді.