02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ

242 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 28 желтоқсан №1260 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2016 жылғы 17 ақпан № 77 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ «Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 578 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 55 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. «Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 578 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 55 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6789 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 маусымда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 67-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамыз:»; 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу қағидалары бекітілсін.» көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (Б.К.Сейдахметов): 1) осы бірлескен бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді; 3) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында осы бірлескен бұйрықтың орналасуын; 4) Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бірлескен бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бірлескен бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі _________________ Ә.Исекешев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі ______________ И.Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1260 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 2016 жылғы 17 ақпандағы №77 бiрлескен бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 578 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 55 бірлескен бұйрығымен бекітілген Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу қағидалары Жалпы ережелер 1. Осы Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрленді және пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу тәртiбiн анықтайды. 2. Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу тәртібі сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын пайдаланушыға жүктеледi. 3. Есепке алу объектiлерi әуе кемелерiнiң ұшып көтерiлуiн, қонуын, рульдеуiн, аялдауын және қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз ету үшiн арнайы әзiрленген сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтары (тікұшақ айлақтары), қону алаңдары болып табылады. 2. Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу 4. Пайдаланушылар сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алуды мынадай: 1) сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарға (тікұшақ айлақтарына), қону алаңдарына құқық белгiлейтiн құжаттар; 2) жер учаскесiне сәйкестендіру құжаттары болған жағдайда жүзеге асырады. 5. Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарының есебi жеке есепке алу журналында жүргiзiледi (бұдан әрi – Журнал), оның нысаны осы Қағидаларға қосымшада берiлген. 6. Журнал тiгiледi және нөмiрленедi, ол туралы Журналдың соңғы бетiнің артында тиiстi жазу жазылады және пайдаланушының мөрi қойылады. Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу қағидаларына қосымша нысан Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу ЖУРНАЛЫ Пайдаланушы ________________________________________________ № Мәлiметтер Деректер 1. Сыныпталмайтын, уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), қону алаңының атауы 2. Сыныпталмайтын, уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), қону алаңының географиялық координаттары және орналасқан жерi 3. Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), қону алаңының меншiк иесi (иесi) 4. Сыныпталмайтын, уақытша әуеайлақтардың (тікұшақ айлағының), қону алаңының мақсаты 5. Техникалық сипаттамалары: ұшу-қону жолағының мөлшерi; ұшу-қону жолағының жабын түрi; сыныпталмайтын, уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), қону алаңының техникалық дайындығы тексерiлген соңғы күн 6. Сыныпталмайтын, уақытша әуеайлақты (тікұшақ айлағын), қону алаңын қону және жарық-техникалық жүйелерiмен жабдықтау (болған жағдайда) 7. Қабылданатын әуе кемелерiнiң типтерi Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13472 болып енгізілді.