02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №513

274 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 28 сәуір, Астана қаласы Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі операторының функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау туралы «Жол жүрiсi туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 5-4) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі операторының функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы айқындалсын. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі _______________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 11 мамыр «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________ Е. Досаев 2015 жылғы 1 шілде «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі _______________ К. Қасымов 2015 жылғы 12 мамыр Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11809 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше