02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №1097

325 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 25 қараша, Астана қаласы Көлік саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 139-бабы 5-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Көлік саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (М.Н. Иғалиев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына оның көшірмелерін ресми жариялауға баспа және электрондық түрде жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы З.С. Сағыновқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы А.РАУ «КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ___________ Т.Дүйсенова 2015 жылғы 30 қараша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашада №1097 бұйрығымен бекітілген Көлік саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі Звено Саты Лауазымдар атауы А блогы - Басқарушы персонал А1 1 Республикалық маңызы бар МҚК* басшысы 1-1 Республикалық маңызы бар МҚК* басшысының орынбасары 2 Облыстық маңызы бар ММ* және МҚК* басшысы 2-1 Облыстық маңызы МҚК* басшысының орынбасары А2 1 Республикалық маңызы бар МҚК* филиалының басшысы, бас бухгалтері 1-1 Республикалық маңызы бар МҚК* филиалы басшысының орынбасары, бас бухгалтерінің орынбасары 2 Облыстық маңызы бар ММ* және МҚК* бас бухгалтері А3 1 Республикалық маңызы бар МҚК* құрылымдық бөлімшелерінің басшысы (топ, бөлім, сектор, бюро, қызмет), бас инженері, бас гидротехнигі, бас конструкторы, бас энергетигі, бас механигі, кадр жөніндегі бас инспекторы, өрт қауіпсіздігі жөніндегі бас инспекторы, еңбекті қорғау жөніндегі бас инспекторы, бас экономисі, бас диспетчері. 1-1 Республикалық маңызы бар МҚК* құрылымдық бөлімшелері басшысының орынбасары (топ, бөлім, сектор, бюро, қызмет), Республикалық маңызы бар МҚК* филиалдары құрылымдық бөлімшелерінің басшысы (топ, бөлім, сектор, бюро, қызмет), филиалының бас инженері, бас гидротехнигі, бас конструкторы, бас энергетигі, бас механигі, кадр жөніндегі бас инспекторы, өрт қауіпсіздігі жөніндегі бас инспекторы, еңбекті қорғау жөніндегі бас инспекторы, бас экономисі, бас диспетчері. 2 Облыстық маңызы бар МКК* құрылымдық бөлімшелерінің басшысы (топ, бөлім, сектор, бюро, қызмет), бас инженері, бас гидротехнигі, бас конструкторы, бас энергетигі, бас механик, кадр жөніндегі бас инспекторы, өрт қауіпсіздігі жөніндегі бас инспекторы, еңбекті қорғау жөніндегі бас инспекторы, бас экономисті, бас диспетчері. 2-1 Облыстық маңызы бар МКК* құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары (топ, бөлім, сектор, бюро, қызмет). В блогы - Негізгі персонал В2 1 Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: барлық мамандықтар инженерлері; барлық мамандықтар механиктері; зертханашы; геодезист. 2 Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: барлық мамандықтар инженерлері; барлық мамандықтар механиктері; зертханашы; геодезист. 3 Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: барлық мамандықтар инженерлері; барлық мамандықтар механиктері; зертханашы; геодезист. 4 Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтар инженерлері; барлық мамандықтар шеберлері; барлық мамандықтар механиктері; прораб; гидротехник; энергетик; диспетчер; зертханашы; геодезист; шкипер; штурман. В3 1 Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты мамандар: барлық мамандықтар механиктері; барлық мамандықтар техниктері; зертханашы; геодезист. 2 Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты мамандар: барлық мамандықтар механиктері; барлық мамандықтар техниктері; зертханашы; геодезист. 3 Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты мамандар: барлық мамандықтар механиктері; барлық мамандықтар техниктері; зертханашы; геодезист. 4 Біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтар шеберлері; барлық мамандықтар механиктері; барлық мамандықтар техниктері; прораб; гидротехник; энергетик; диспетчер; зертханашы; геодезист; шкипер; штурман. С блогы – Әкімшілік персонал С1 Капитан, командир. С2 Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар: статистик, аудармашы, бухгалтер, экономист, басқарма аппаратының барлық мамандықтар инженерлері, барлық мамандықтар менеджерлері, басқарма аппаратының барлық мамандықтар инспекторлары, заңгер, программист, мұрағатшы. С3 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі мамандар: статистик, аудармашы, бухгалтер, экономист, басқарма аппаратының барлық мамандықтар инженерлері, барлық мамандықтар менеджерлері, басқарма аппаратының барлық мамандықтар инспекторлары, заң консультанты, программист, мұрағатшы, қойма меңгерушісі, шаруашылық меңгерушісі. D блогы - Қосалқы персонал D1 Техникалық орындаушылар: мұрағаттаушы, іс жүргізуші, көшіру-көбейту машиналарының операторы, компьютерлік техника (бағдарлама) операторы, хатшы, статистик, күзетші, кассир, комендант. Ескертпе: * - ММ – мемлекеттік мекеме; * - МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын; Көлік саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне қосымша Басқару жауапкершілігінің дәрежесіне байланысты республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар ұйымдарда көлік саласының мемлекеттік мекемелерінің және қазыналық кәсіпорындарының таратылуы 1. Республикалық маңызы бар ұйымдарға жатады: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Ертіс су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Атырау су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 2) Облыстық маңызы бар ұйымдарға жатады: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ақмолажолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ақтөбежолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі; 3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Алматыжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі; 4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Атыраужолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі; 5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Батысжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі; 6) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жамбылжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі; 7) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Шығысжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі; 8) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қарағандыжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі; 9) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қызылордажолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі; 10) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қостанайжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі; 11) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Маңғыстаужолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі; 12) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Павлодаржолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі; 13) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Солтүстікжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі; 14) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Оңтүстікжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі); 15) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Іле су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 16) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Балқаш су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12540 болып енгізілді.