aktobenews[/caption]
Қазақстан Президентінің Жарлығымен Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстық соттарының төрағалары орындарын ауыстырды.
AktobeBews-тің хабарлауынша, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып Әкетай Мұратқали Абрарұлы тағайындалған. Ол осыған дейін Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметінде болған.
Облыстық сот төрағасын ұжымға Жоғары сот төрағасы Қайрат Мәми таныстырды. Төраға кеңесте бұрынғы облысьық сот төрағасы Ерлан Айтжановтың осы лауазымдағы бес жылдық мерзімінің заңға сәйкес аяқталғанын және Президент Жарлығымен облыстық сот төрағасы қызметіне Мұратқали Әкетайдың тағайындалғанын мәлімдеді.
Жоғары сот төрағасы Ақтөбеде болған террорлық оқиғалардан кейін облыстың бұл саладағы жұмысын күшейту қажеттігін алға тартып, облыстық сот төрағасын ауыстыру себебін түсіндірді. Ал облыстық соттың жаңа төрағасы өзіне артылған сенім жүгін заң шеңберінде атқаратынын айтты. Бүгінге дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған Ерлан Айтжанов Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды. Тағайындау шарасына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.
Жиын барысында Қайрат Мәми сот жүйесіндегі биылғы жаңалықтарды айтты. Ол тапсырылған қызметті абыройлы атқарады деп жаңа төраға Мұратқали Абрарұлына сенім білдірді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ.
• 05 Шілде, 2016
Мұратқали Әкетай — Ақтөбе облыстық сотының төрағасы

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50