Мемлекет басшысы еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру жөнінде келелі міндет қойып отыр. Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тоғыз жолдың торабында орналасқан Қазақстанның жүк тасымалы әлеуетін арттыруға басымдық беріп келеді. Үстіміздегі жылдың 12 шілдесінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ тапсырысымен арнайы жасалған 7500 тонна жүк көтеретін «Жібек жолы» құрғақ жүк кемесі ресейлік Шлиссельбургте суға түсірілді.
Қазақстандық жаңа кемені суға түсіру салтанатына «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин, Ресей Федерациясы көлік министрінің орынбасары Виктор Олерский, Ленинград облысы үкіметі төрағасының бірінші орынбасары – қаржы комитетінің төрағасы Роман Маркин қатысты. Салтанатты шараға қатысушылар алдында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин сөз сөйледі.
Ол аталмыш шараның Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен атқарылып отырғандығын атап көрсетті. Бұл жоба – «Нұрлы Жол» бағдарламасындағы жобаларды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының құрғақ жүк флотын дамыту, еліміздің транзиттік көліктік әлеуетін жетілдіру мақсаттарынан туындап отырған маңызды міндет екендігін де тілге тиек етті. «Жаңа кеменің атын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жібек жолы» деп атауы да тегін емес. Өйткені, Қазақстан мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың даму стратегиясына орай, Каспий инфрақұрылымын жетілдіру мен теңіз флотын құру арқылы мультимодальдық тасымалдауды жиілетуге баса назар аударылып отыр», деді Асқар Мамин.
2013 жылы құрылған «KTZ Express Shipping» кеме компаниясы сыйымдылығы 5 мың тонналық екі құрғақ жүк кемелерін сатып алған болатын. Бұл кемелер бүгінде «Өз жүгіміз, өз портымыз, өз флотымыз» қағидасымен астық, металл өнімдері және басқа да құрғақ жүктер тасымалдауда.
Биылғы жылы флот екі жаңа кемемен – «Жібек Жолы» және «Атамекен» жүк кемелерімен толығады.
Өткен маусым айында Загребте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті А.Мамин мен «Ульяник» кеме жасау компа-
ниясының бас директоры Д.Росанда қазақстандық сұранысқа байланысты екі жаңа паром жасау туралы келісімшартқа қол қойды. Осы шараларды іс-жүзіне асыру арқылы 2020 жылдарға қарай құрғақ жүк тасымалдау флоты бірлігін жиырмаға жеткізіп, Каспий айдынына Ақтау порты арқылы шығатын құрғақ жүктің 55 пайызын тасымалдауды қамту көзделіп отыр.
«Каспий теңізі Шығыс-Батыс, Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәліздерін байланыстырушы орталық қана емес, сонымен бірге, ол аймақтағы елдердің транзиттік әлеуетін күшейтуге ықпал етуде де маңызды рөл атқарады», – деп атап өтті А.Мамин.
Ресей Федерациясы көлік министрінің орынбасары Виктор Олерский өз кезегінде аталмыш оқиғаны «тарихи көршілер Қазақстан мен Ресей арасындағы табысты интеграциялық үдеріс», деп атады. Ол алдағы уақытта да қазақстандық және ресейлік комӨпаниялар арасындағы әртүрлі саладағы ынтымақтастық байланыстардың тереңдей түсетіндігіне сенім білдірді.
Каспий аймағындағы өзара пайдалы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі қадамдар және трансконтиненталдық тасымалдарды бірлесе дамыту барлық қатысушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Биылғы жылы Нева кеме жасау және жөндеу кәсіпорнымен әрқайсысы 7500 тонналық екі көпсалалы құрғақ жүк кемесін жасау жөнінде келісімге қол қойылды. Жоба Еуропа қайта құру және даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.
Жаңа «Жібек жолы» құрғақ жүк кемесінің суға түсірілуіне байланысты, оның бортына шампан сындыру дәстүрін Махаббат Бекбосынова атқарды. М.Бекбосынова медицина ғылымдарының докторы, кардиолог. Қазіргі кезде ол Астанадағы «Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталық» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарады.
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43