Алматыда жүргізуші мүмкіндігі шектеулі автожүргізушілер тұрағына көлік қойғаны үшін 100 мың теңгеден аса айыппұл төлеуге мәжбүр болды.
Жуырда ғаламтор беттерінде қымбат 2 автомобильдің мүгедек жүргізушілерге арналған автотұрақта тұрған суреті жарық көріп, қоғамда кеңінен талқыға түскен еді. Ел аузына іліккен мәселе қалалық тәртіп сақшыларына да жетіп, олар көлік иелері туралы тексеріс жүргізген. Заңға қайшы әрекет жасаған олардың бірінің үстінен әкімшілік құқық бұзу фактісі бойынша іс қаралып, 591-баптың 4-тармағы бойынша 50 айлық есептік көрсеткішке сай, 106050 теңге айыппұл салынды.
– Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автотұрақта тұрған қос көліктің бірі – «Ауди» маркалы автомобиль заңды тұлғаның атына тіркелген екен, көлік иесі бізге өзінің ІІ топтағы мүгедек екендігін растайтын құжатын көрсетті. Демек, оның тарапынан заң бұзу фактісі тіркелмеген. Ал «Мерседес» көлігінің иесі өзінің заң бұзғанын мойындап, әкімшілік құқық бұзу аясында айыппұл төлеуге міндеттейтін заң ережесіне қарсылығы жоқ екендігін мәлімдеді, – деді қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.
Жергілікті полиция қызметкерлері қала тұрғындарының ғаламтор бетінде заң бұзушылыққа қарсы ашық пікір бөлісулері назардан тыс қалатын құқық бұзушылықтарды әшкере ететіндігін айтып, қала тәртібі мен заң талабының сақталуына қосқан үлестері үшін өз алғысын білдірді.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40