қандастарымызға қиын тиіп жатыр
10 шілде күні Моңғолиядағы қазақтардың ертеден бергі құтты қонысы болған Баян-Өлгий аймағының орталығы – Өлгий қаласында төтенше жағдай орын алды. Бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбырдың салдарынан асау ағынды Қобда өзенінің жағасында, иен таудың бөктерінде орналасқан елді мекенге қарғын құлап, осында тұрып жатқан жұртты біраз әбігерге ұшыратты.
Әзірге бұл жақтан ресми келіп жатқан мағлұматтар жоқ. Дегенмен, кейбір дерек көздерінен жеткен ақпарларға қарағанда, осы селдің салдарынан қоныста 2 үлкен кісі, 4 бала қаза тапқанға ұқсайды. Ал тағы бір ақпарат қайнарларынан тараған мәліметтер бойынша, келесі күні қалаға тағы да су тасқыны лап қойған. Бір қуаныштысы, дер кезінде келіп жеткен құтқарушылар көмегімен суды басқа арнаға бұрып жіберудің орайы келіпті.
Қала әкімшілігіндегі барлық сатылы қызметкерлер тұрғындарды селден құтқару жұмысына тартылыпты. Аймақ орталығында орналасқан 6 және 9-бақтар аумағында жүрген селдің зардаптарын жою жұмыстары жалғасуда. Сол аудандарда су басу қаупі бар үйлер тұрғындарын басқа қауіпсіз телімдерге көшіру жұмыстары қатар жүруде. Оларға жаңадан жер бөлініп берілуде. Өлгий қалалық әкімшілігі әзірге үйлері селге кеткен кісілерге арнайы орындардан жер телімдерін беріп, сол жерлерге киіз үймен орнықтырып жатыр. Үй-мүлкі селге кеткендерге әзірге ешкім материалдық көмек қолын соза қоймаған. Кешегі ақпараттарға қарағанда, 6-бақтан 7 үй, 9-бақтан 120-дай үй жарамсыз халге жеткен.
«Бір ғана 6-бақ аумағындағы су алған үйлердің аулаларын 10 тонналық цистерналар арқылы сорғызып азайтып жатыр. Бір ауланың өзінен орташа 200-400 тонна су шығуда!» – деп жазады әлеуметтік желі қолданушылар.
«Егемен-ақпарат»

Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40