Сыбайлас жемқорлық туралы жиі сөз болады. Әйтсе де, оған тосқауыл қою қиын болып тұр. Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан еліміздегі әлеуметтік жағдайға байланысты өзінің пікірін білдірген еді: «Бүгінде елімізде 18 жасқа толған 9,6 миллион адам болса, олардың 7,3 миллионында түрлі несиелері бар екен. Ал, солардың ішінде 1,3 миллион адамның үш айдан бері төленбей келе жатқан төлемдері бар. Міне, осыдан-ақ әлеуметтік шиеленістің деңгейін көруге болады. Экономикалық саясатымызды өзгертпесек, тиімді шаралар қолданбасақ, бұл жағдай одан әрі күрделене береді. Халық қазір әлеуметтік қиындықтармен қатар, басқару жүйесіндегі жемқорлықтан да әбден қажыды. Жемқорлық біздің мемлекетімізді құрдымға сүйреп барады. Бұл – үлкен қауіп».
Еліміздегі жемқорлық атаулының қанат жайып, жегі құрттай жүйені жеміріп бара жатқанын халықаралық ұйымдар да қадағалап отыр. Transparency International халықаралық ұйымының жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 28 балл иеленген Қазақстан 2015 жылы 126-орыннан (2014 жыл) 123-орынға жылжыған көрінеді. Халықаралық ұйым өткен жылы 168 елдің мемлекеттік секторындағы жемқорлықты зерттей келіп, жемқорлықты қабылдау индексі 0-ден (жемқорлықтың ең жоғары деңгейі) 100-ге дейінгі балл (жемқорлықтың ең төменгі деңгейі) аралығында есептелді. Рейтингтің көшбасшысы деген жақсы атты екі жыл қатарынан Дания иеленіп, соңғы орындарға бар болғаны 8 балмен Солтүстік Корея мен Сомали орнықты. Ал Қазақстанның әлемнің 168 елінің ішінде 123-орынды, 100 балдың 26 балына ие болғанынан-ақ жемқорлықтың қай шамада екенін өзіңіз-ақ пайымдай беріңіз.
Біздің заманымызға дейінгі өмір сүрген ежелгі грек философы Аристотельдің: «Билікті ақшасына сатып алғандар одан мейлінше пайда табуға дағдыланады», деген даналық сөзі бар. Жемқорлықты жоюдың оңай емес екені осыдан-ақ аңғарылады. Адамзаттың бір өкілі ретінде бұл жаман қасиет пен қасіреттен қазақ та ада емес. Иманның кемшіндігі ме, әлде жазаның әлсіздігі ме, әйтеуір оған тоқтам болмай тұр. «Көп асқанға бір тосқан» болу керек еді тегінде...
Кісі ақысын жемеуге, обал-сауапты таразылауға үндейтін исламға халықтың көпшілігі ден қояр болса, жемқорлар қатары азаяр ма еді деген пенделік ойымыз да бар. Негізі жемқорлық, парақорлық исламда үлкен күнәлардың қатарына жатады. Әбу-Һүрайра (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Параны алған да, берген де адамға және оның заңдарына Алланың лағынеті болсын», деген.
Мұхаммед Пайғамбардың тағы бір хадисінде: «Параны берген де, параны алған да тозақтың отына түседі», дейді. Ендеше, осы хадистердің жазбаларын керенау кеңселердің қақ маңдайына іліп қойса ғой...
ШОЛУШЫ мен СУРЕТШІ

Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Үкімет • Бүгін, 14:08
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13