15 Шілде, 2016

Салық төлеу тәртібі жеңілдеді

610 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
салық Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті көрсетілетін қызмет түрлерінің тұтынушылар үшін жеңілдетілгенін және алдағы уақытта бұл жұмыс одан әрі жетілдіре түсетінін хабарлады. Аталған комитеттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Нұрлан Рахымғалиев брифингте атап өткендей, әсіресе, салық төлеу тәртібі бұрынғымен салыстырғанда айтарлықтай оңайлаған.   Қазіргі таңда қосымша құн салығын төлеушінің куәлігін алу рәсімі электронды жүйе арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, салық төлеушілердің түрлі мекемелерге қарызы жоқ екендігі туралы анықтама беру туралы міндетін заңды түрде алып тастаған. Қажет болған жағдайда салық төлеуші емес, мемлекеттік органның өзі электронды сауал жолдау арқылы комитеттің сайтынан берешек туралы тиісті мәліметті алады. «Біз үшін салық төлеушілермен арада кері байланыс орнату өте маңызды. Біз олардың талап-тілектерін әрдайым назарда ұс­таймыз. Сол үшін арнайы дөң­гелек үстелдер, семинарлар өткі­земіз. Салық төлеушілердің ұсы­ныстарын қабылдап, талдау жа­саймыз», деді Н.Рахымғалиев. Тағы бір айта кетерлігі, Мем­лекеттік кіріс комитеті салық төлеушілердің ұсыныстарын, талап-тілектері мен шағымдарын Комитеттің web сайты мен Whatsapp мобильді қосымшасы арқылы да қабылдайды. Сондай-ақ, тиісті сауалдарын комитеттің әлеуметтік желідегі арнайы парақ­ша­­сына немесе комитет төрағасы­ның жеке блогына да жолдай алады. Комитеттің салық төлеу тәртібін одан әрі оңтайландыруға бағытталған жаңашыл қадамы – шағын бизнеске шұғыл көмек. Бұл қанатқақты жоба дәл қазір тек комитеттің ресми порталында ғана іске асырылған. Шағын бизнес өкілдері порталда онлайн тестілеуге қатысып, тиісті салық есептілігі сынды ақпараттарды ала алады. Арнұр АСҚАРОВ, «Егемен Қазақстан»