Облыстық энергетика, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Амантай Бекниязовтың айтуынша, Энергетика министрлігі өңірге орта есеппен айына 4 000 тонна газ бөледі. Жаз мезгілінде газға сұраныстың артуына байланысты басқарма Энергетика министрлігіне лимит мөлшерін арттыру туралы ұсыныспен шығуды ұйғарып отыр.
Пайдаланылатын сұйытылған газдың көлемін дұрыс анықтау мақсатында 2016 жылдың басында облыс әкімдігінде жұмыс тобы құрылып, оның құрамына энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерлік басқармалары мен табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің мамандары кірді. Екі ай көлемінде олар барлық газ құю бекеттерінде апта сайын есеп жүргізіп келді. Облыста барлығы 60 автогаз құю бекеті жұмыс істейді, оның 33-і Ақтөбеде, 27-сі аудандарда орналасқан. Бір газ құю бекеті күніне орта есеппен 7-8 тонна газ құяды, ал аудандардағы орташа көрсеткіш 3 тоннаны құрайды.
– Негізі облыста тұтынылатын газ көлемі 5486 тонна, оның 3638 тоннасы облыс орталығында, 1848 тоннасы аудан орталықтарында тұтынылады. Жол полициясы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, облыста 206 938 автокөлік бар, оның 23 697-сі газды пайдаланады. Бұл көрсеткіш ай сайын 150-200 бірлікке артып келеді. Облыс әкімінің тапсырмасымен 850 ведомстволық көлік газды пайдаланады, – деп атап өтті Амантай Бекниязов.
Маусым айында облысқа 4000 тонна газ жеткізілді, шілде айында 4200 тонна отын әкелінеді деп күтілуде. Оның 3300 тоннасын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», қалған 870 тоннасын «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС өндірген.
Айта кетейік, «СНПС-Ақтөбемұнайназ» компаниясы ай сайын 28 000 тонна, «Қазақойл Ақтөбе» 3000 тонна газ өндіреді. Отын Астана қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарына жеткізіледі.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00