Көкшетау жоғары колледжі 2011 жылдан бастап экспериментті түрде Қазақстанда бірінші болып төрт мамандық бойынша білім беріп келеді. Яғни, мұндағы оқушылар құрылыс саласы, жол құрылысы, автосервис және машина жасау технологиялары мамандықтарына арналған қолданбалы бакалавриат дәрежесін иемденеді.
Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі – оқушылар бірінші курстан бастап серіктес кәсіпорындардың өндірістік жұмыстарына қатысып, арнайы тапсырыс бойынша өнім дайындаумен айналысады. Яғни, оқу мен тәжірибені ұштастырған олар колледжді бітіргенде дайын кәсіби маман болып шығады. Осыған сәйкес, бұларға сұраныс та жоғары. Мәселен, биыл оқу орнының 67 түлегі ірі кәсіпорындардың шақыруымен өз мамандықтарына сай бірден жұмысқа орналасатын болады.
Ал, қаладағы №1 құрылыс-техникалық колледжі экономика саласының үш бағыты бойынша мамандар даярлайды. Мұнда да «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен 24 түлек шалғай ауылдарға жолдама алып отыр.
– Бүгінгі күні ауылдық жерлерде маман жетіспеушілігі бар, – дейді бізбен әңгімесінде колледж бітіруші Ертай Күрес. – Мен Елбасы Жолдауында ерекше мән берілген бастаманы қолдап, Ерейментау ауданындағы Бозтал ауылына жолдама алдым. Өз еңбегімді ауылға арнап, оны дамытып, көркейтуге үлес қосқым келеді.
Қос колледж түлектеріне дипломдар мен жолдамалар тапсыру салтанатына облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысып, жас мамандарға сәттілік тіледі.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы

Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00