Бір емес, екі абзал аға кітабы. Аталуы қандай десеңізші!.. «Дүние шіркін...» Осы сөз құлағыма тым жағымды. Алғаш естігенде бұл не ән екен деп елең ете түсіп едім, сөйтсем, өзім ғалым, мемлекет, қоғам қайраткері ретінде сыйлайтын Мырзатай Жолдасбековтің әні екен. Есіме Есім атамның домбыра тартқанда есік, терезені жапқызып қоятыны түсті. Баяғы кәрі сөз. Атқа мінген, аталы сөз айтатын адамға домбыра тартып, ән салу ерсі. Ерте кезде сондай түсінік болған. Домбырашы, әнші бір бөлек, елдің «атқамінерлері» бір бөлек. Кешегі Абайдың өзі табиғатынан ерек ақын болғанымен қырық жасқа дейін ақындықты мойындамай, өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрді емес пе? Ал Мырзатай Жолдасбековтің қоғамдағы үлкен орны оның табиғи талантын шегере берді. Мен Мырзакеңді елдік деңгейдегі тұлға деп танығанмын, сөйтсем, әні де, күйі де төгіліп тұр екен.
«Дүние шіркін...» кітабы авторының өзі бір «консерватория». Илья Жақанов, өнердің майталманы, дүлдүлі, композитор, әнші. Ол абыздың бірнеше кітабын оқыдым, оның Зәурешке арналған шығармасы қандай! Осындай өнер білгірімен жақындап таныссам, ол Мырзакеңмен бір сыныпта, бір мектепте оқыпты. О, ғажап! Екі тұлға, бала болса да, бір сыныпқа бастары қалай сыйған. Илья ағамызбен сенатор Сәрсенбай Енсегеновтің отбасында отырғанда «таңды атыра» бір сұхбаттасқаным бар, сонда кәдімгі Мырзатай Жолдасбеков туралы мол әңгімелер айтылған еді, байқасам, соның дені «Дүние шіркінге...» еніпті.
Кітапты оқып отырмын. «Егоркино» рестораны «Традициональ...». Қандай көркем тіл. Илья Жақанов – қаламгер. Хит болып кеткен көп әндерінің салмағы басып кеткені болмаса, тамаша көркемсөз шебері. Ол өзінің кейіпкері Мырзатай мырзаға деген ерекше ықылас сезімін жасыра алмай көл-көсір шығармалар жазған. Илья Жақановтың өзі қалай атайтынын білмеймін, «Дүние шіркінге...» енген топтамалар эссе жанрында жазылған. Эссе жазу қиын. Эссенің көкесін әлемге көрсеткен француздар, енді қазақ қаламгерлері осы жанрды меңгеріп барады. Себебі, ол біздің шешендік өнерімізге жақын, ал қазақ болса, шешен халық. Кітаптың авторы Илья Жақанов – шешен, оның кейіпкері – Мырзатай Жолдасбеков шешен. Егоркино мейрамханасында сұхбатта болған ақын Фариза Оңғарсынова туралы сөз мүлдем басқа. Мария жеңгем мен Тиыш жеңешемнің әңгімелері қалай моншақтай тізілген.
Кітап әдемі, құнды, мағыналы әрі тәрбие үшін қажет құрал.
Ғарифолла ЕСІМ,
академик, жазушы

Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58