Аймақтар • 09 Қараша, 2025

Атырау әуежайында жарылғыш зат бар: жалған ақпарат таратқан ер адам ұсталды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында рейске тіркелу кезінде жарылғыш зат бар деп жалған ақпарат берген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.

Атырау әуежайында жарылғыш зат бар: жалған ақпарат таратқан ер адам ұсталды

Оқиға 8 қараша күні Атырау–Алматы бағытындағы рейске тіркеу кезінде болған. Ер адам әуежай қызметкерлеріне қол жүгінде бомба бар екенін айтып, дүрбелең тудырған.

Полицияның көліктегі департаменті мәлім еткендей, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы – «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар тарату» бойынша тіркелген.

«Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мәліметтері жария етілмейді», – делінген полиция хабарламасында.

Атырау әуежайы эвакуацияланбады, зардап шеккендер мен жапа шегушілер жоқ. Барлық рейс өз кестесіне сай жүзеге асырылып жатыр.