15 Шілде, 2016

Тағы екі қазақстандық атлет допингпен қолға түсіп қалды

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

14-07-16-shtanga

Халықаралық олимпиялық комитет (ХОК) Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) қолдауымен Бейжің Олимпиялық ойындарына қатысушылардың допинг-сынамаларын тексеруді жалғастырып жатыр. Informburo.kz-тің хабарлауынша, Қазақстанның 4 штангашысы үшін бұл тексеріс нашар нәтижемен аяқталған. ХОК пен WADA-ның «қара тізіміне» Владимир Седовтан басқа, тағы Ирина Некрасова мен Мария Грабовецкая да түсіп қалды. Олардың екеуі де 2008 жылғы Олимпиадада медаль иегерлері атанған. Атап айтқанда, Некрасова 63 килоға дейінгі салмақта күміс, ал Грабовецкая 75 килодан ауыр салмақта қола медальдардың иегерлері атанған. Мамандар «А» сынамасында олардан тыйым салынған препараттар тапты. Ал Бейжің аламанының қорытындысында тізімге ілінген төртінші атлет - Илья Ильин. Енді шілденің 18-26-сы аралығында Лозаннада (Швейцария) Қазақстан тарапы өкілдерінің қатысуларымен «Б» сынамасын ашу процедурасы жүргізіледі. Бұдан бұрын допингпен Илья Ильин (2008 жылғы Олимпиада, 2012 жылғы Олимпиада), Алмас Өтешов (2015 жылғы әлем чемпионаты, 4 жылға дисквалифиция алды), Светлана Подобедова (2012 жылғы Олимпиада), Ермек Өміртай (2015 жылғы әлем чемпионатыы, 4 жылға  дисквалифиция алды), Зүлфия Чиншанло (2012 жылғы Олимпиада), Жасұлан Қыдырбаев (Азияның 2012 жылғы жасөспірімдер чемпионаты, 2015 жылғы әлем чемпионаты, 8 жылға дисквалифиция алды), Майя Манеза (2012 жылғы Олимпиада) және Фаина Сиванбаева (допингке қарсы ережені үш рет бұзғаны үшін 8 жылғы дисквалифиция алды) қолға түскен болатын. Жақын арада Ильиннің, Подобедованың, Чиншанло мен Манезаның қандай жаза алатындары белгілі болады. Ал Владимир Седовтың өзі допинг жанжалына Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Алексей Ни тікелей кінәлі деп есептейді. Бұл туралы ол informburo.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында айтып берді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ