16 Шілде, 2016

Андрей Шевченко Украина құрамасының бас бапкері болды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16-07-16-shevchenko

Футболдан Украина құрамасының жаңа бас жаттықтырушысы болып Андрей Шевченко тағайындалды. Ол Францияда өткен Еуропа чемпионаты кезінде бас жаттықтырушының ассистенті болып жұмыс істеді. Украина футбол федерациясының хабарлауынша, бұрынғы белгілі футболшы Шевченконы бұл орынға тағайындау жөніндегі шешім бір ауыздан қабылданған. Бұрын Андрей Шевченко Киевтің «Динамосында». «Милан» мен «Челсиде» ойнады. Ол сондай-ақ Украина құрамасы сапында 111 рет алаңға шығып, 48 гол соққан. 2004 жылы ол әлемдегі ең үздік футболшыға берілетін «Алтын доп» кубогын жеңіп алды. Ол футболшылық мансабын 2012 жылы аяқтады. Шевченко УЕФА-ның ең жоғары дәрежелі «PRO» категориялы жаттықтырушылық лицензиясын 2015 жылы алды. Осыдан кейін ол клубтың немесе құраманың бас жаттықтырушысысы бола алатын еді. Айта кету керек, Еуро-2016-да Украина құрамасы топта қатарынан үш рет ұтылып, жарыс жолынан шығып қалған еді. Мұның ақыры бас жаттықтырушы Михаил Фоменконың отставкаға кетуіне себеп болды. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ