16 Шілде, 2016

Курортты аймақ ажарлана түспек

253 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
015-07-2. Мемлекет басшысы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының қызметі туралы сұхбат берді Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев туризм саласының қазіргі ахуалы туралы әңгімелеп, Бурабай курортты аймағын одан әрі дамыту жөніндегі ойларымен бөлісті және барша қазақстандықтарды еліміздің табиғи жауһарларын сақтау ісіне зор көңіл бөлуге шақырды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қазақстан­ның табиғи көрікті жерлерінің ішінде Бурабайдың айрықша орын алатынына назар аударды. – Елімізде туризм мен демалыс үшін түрлі бағыттар көптеп са­налады. Алматының маңын­да – Алатау таулары, ғажайып Көл­­­сай, оңтүстік Қазақстанда – Ақ­су-Жа­ба­ғылы табиғи қоры­ғы, ре­с­пуб­ликаның батысында – Шал­­қар көлі, Каспий теңі­зі, Қа­ра­­ған­­ды облысында – Қар­қара­­лы, Пав­ло­дар облысында – Бая­­н­ауыл. Әр өңірдің өзіндік көрік­­ті орын­дары бар, солардың бірі Бура­бай – Қазақстанның «мар­­жаны». Мұнда болғанда ән айт­­пау, ша­быт­танбау мүмкін емес. Бура­бай­дың сұлулығын хал­­қы­­мыз ежелден-ақ жырға қосқаны бе­кер емес. Мысалы, ақын Біржан сал­дың мынадай жыр жол­дары бар: «Жер шоқтығы – Көкше­тау, бауы­рың толған бақша бау, төңі­­регің сексен көл, иісің жұпар аңқи­­ды-ау». Мен бұл өңірге келіп жүр­­ге­німе 25 жылдан асса да әлі там­­са­на­мын. Қазір біздің басты мақса­ты­мыз – курортты аймақ­ты оның таза­лығы мен тұмса таби­ға­тын сақ­тай отырып дамыту, таны­мал ету, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, Тәуелсіздік жылдарын­да курортты аймақ инфрақұры­лы­мы­ның айтарлықтай жақсар­ғаны­на тоқтала келе, қазіргі кезде ұлт­тық саябақ Президенттің іс басқар­ма­сы­ның қарауында екенін атап өтті. – Бұрындары барлық ауыз су жер­­­гілікті көлдерден алынған бо­ла­­­тын, сондықтан ондағы су дең­­гейі төмендей бастады. Сол себепті Сергеев су қоймасынан су құ­бы­рын жүргізу міндеті қойыл­ды. Қазір көлдерден су тарту тоқ­та­ты­лып, су деңгейі қалпына келді. Екін­ші міндет – өңірдің ғажап та­би­ға­тын ластамас үшін орта­лық­­тан­ды­рыл­ған жылу берумен қам­­та­ма­сыз ету. Осы мақсатта жылу электр орталығы салынуда. Біздің алдымызда тұрған үшінші міндет – су қоймалары мен ормандарды ластанудан сақтайтын тазарту құ­рыл­ғыларын орнату, – деді Елбасы. Мемлекет басшысы атап өт­кен­­дей, курортты аймақ еліміз­дің танымал туристік бренді болып, қазақстандықтар мен шетел­дік қонақтардың сүйікті демалыс орнына айналды. – Бурабай қазірдің өзінде Қа­зақ­­­­станның рәмізіне айналды. Ел­ор­­­да­ның қасында орналас­қан­­­­дық­­тан, жақсы автомагис­траль бар бол­­ған­­дықтан, соңғы уақыт­та турис­­тер саны артуда. Жыл бой­ғы де­м­алыс үшін бар­­лық мүм­кін­дік­­тер жасалуда. Вел­о­си­­пед­­пен жә­не жаяу серуен жол­дары ашылды, қыста шана­мен сырғанап, ат­қа міну­ге, шаң­ғы тебуге болады. Мұн­да ірі халық­ара­лық іс-ша­ра­лар өт­кізуге мүмкін­дік­тер бар. Мы­салға, Шетел инвес­т­ор­лары кеңе­сі болғанда Бура­бай­да бар­ша әлем­нің жетекші биз­нес­мен­дері бас қосты. Бұл жерде ТМД, ЕАЭО сам­мит­тері өтті. Олар­ға қа­тыс­қан мем­ле­кет­тердің бас­шы­лары мен үкі­мет мүшелері сол іс-шар­а­лар тура­лы ілтипатпен еске алады. Әри­не, ЭКСПО-2017 ха­­лық­­аралық көр­ме­сі­не келген қонақ­­тар үшін де Бура­бай­ға дейін бағыт ұйым­дас­тыры­ла­тын болады. Курортты ай­мақ көп­теген турис­тер­ді тартады, бас­ты­сы – олар үшін барлық қа­жет­­­ті жағ­­дай­ларды жасау керек. Ин­ф­­ра­­құрылымы дамы­ған сайын Бура­бай­дың атағы әлем­ге таны­ла бе­ре­тін болады. Биз­нес­­мен­дер­дің на­за­рын осындай жағдайлар ту­ғы­­зу­ға және демалыс үшін замана­уи жақ­сы кешендер салуға аудар­ғым ке­ле­ді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Қазақстан Президенті Бура­бай ұлттық саябағының дамуы көп жағдайда біздің елордамызбен байланысты екеніне назар аударды. – Қазір Астана маңында үлкен агломерация қалыптасып келеді. Іс жүзінде, елорда мен курортты аймақ арасындағы қашықтық қысқаруда. Болашақта шағын авиация ұшып, тікұшақ көлігі дамиды деп ойлаймын. Мен Астананы салу барысында табиғат жағдайы келмейді дегенге қарамастан, оның айналасына ағаш отырғызу міндетін қойдым. Бүгінде көріп отырғанымыздай, Астананың маңына 73 мың гектарға ағаш егілді, бұл Бурабай аумағымен бірдей. Қазіргі уақытта екі аймақтың орман алқаптарын біріктіру міндеті қойылды, бұл жұмыстың жартысы атқарылды. Еліміздің кез келген көрікті орындарын дамыту үлкен күш-жігерді талап етеді, тиісінше қаражат та қажет. Дегенмен, туризмге жұмсалған әр теңге он есе пайда әкеледі. Сондықтан елі­міз­дің барлық туристік орындарына қажетті инвестициялар сала отырып, қолайлы жағдайлар жасау керек, – деді Қазақстан Президенті. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ