Шілдені орталап, мезгіл сарша тамызға қарай ойысқанда Қарағандыда қанттың хикаясы басталады. Жылдағы жыр осы. Дүкен сөрелерінен, қоймалардың түкпірінен тәттінің осы бір түрі ұшты-күйлі жоғалып, баға көкке шапшиды.
Жасыратыны жоқ, біздің халықтың «дефицит» дегенге жаны құмар ма дейсің. Мұнысы жұмыртқадан жүн қырыққан кәсіпкерлердің жанына майдай жағатыны айдан анық. Зер салып қарасаңыз, осы қат дүние дегенді қолдан жасайтын да кейбір пысықай кәсіпкерлер емес пе деп қаласыз. Оған негіз жоқ та емес. Мұндай жағдайда әбден әккіленіп алған олар бағаны да шарықтатып, пайдаға да шаш-етектен кенелетінге ұқсайды.
Соңғы күндері облыста қанттың бағасы күрт қымбаттап, бір килосы 300 теңгеден асып жығылды. Бағаның жүз теңгеге қымбаттағанына қарап жатқан жұрт жоқ, «Қант, қайдасың?», деп Қарағандының көшелерінде алашапқын болып жүр.
Әу баста супермаркеттерде осы қантты бір адамға шақтап қана сата бастады, ал әлеуметтік дүкен сөрелерінен бұл тауар жым-жылас жоғалған болатын. Ұсақ дүкен ұстайтын кәсіпкерлер қолдағы бар қантты жаңа бағамен сатып жатыр. Әңгіме арасында әлгілер күні ертең қант бағасының 500 теңге болуы бек мүмкін дегенді қаперге сала кетуді де ұмытпайды екен...
«Қант қайда кетті?» деген сұраққа бұл саладағы кәсіпкерлердің жауабы дап-дайын. Сөйтсек, кінәнің бәрі тосап-қайнатпада екен. Ал енді шынтуайтына келсек, бүгінгі күнде тосап қайнататындардың да қатары сирей бастапты. Неге десеңіз, шайға қосып ішкенге таптырмайтын бұл тосапты дайындаудың өзі қып-қызыл ақшаға түседі екен.
Қанттың қалайша қат болғанын облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасындағылар былайша түсіндіреді. Олардың айтуынша, отандық қант өндіруші «ЦАСК» ЖШС соңғы айдың өзінде тәттінің бағасын бірнеше рет көтеріп жіберген. «Ағымдағы жылдың мамыр айында қанттың бір килосы зауыттан 218 теңгеден босатылса, шілде айының басында баға 245 теңгені құрады. Жағдайдың бұлайша қалыптасқанын фирма Бразилиядан әкелінетін қант құрағы бағасының 354-тен 477 АҚШ долларына дейін көтерілуімен түсіндіреді. Бүгінгі күнде зауыт-өндіруші өңірлердегі көтерме жеткізушілерге қантты уақытында жөнелте алмай отырған көрінеді. Осыған орай, қазіргі таңда «Қазақстан темір жолы» АҚ өкілдерімен бірге Алматыдан Қарағандыға қантты вагонмен жеткізу жөнінде мәселе талқыланып жатыр», деп хабарлады басқармадағылар.
Өкінішке қарай, қант бағасының жылда-жылда жылмаң қағып көтерілуімен күрес берекесіздеу болып тұрғанға ұқсайды. Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Асхат Жапсарбайдың сөзіне құлақ түрсек, аяқ астынан жалған дефицит жасау біздің өңір үшін үйреншікті жағдайға айналыпты. «Мысалы, – дейді ол, – былтыр біз бірқатар нарық субъектілеріне қатысты кең көлемде тексеру жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде іс сотқа түсті. Бірақ та, жеме-жемге келгенде біз сотта ұтыламыз да жатамыз. Біз талай кәсіпкердің қоймасынан ескі бағамен алынған май, жұмыртқа және қант сияқты тауарларды таптық. Бірақ, олар бұл тауарларды жаңа бағамен сатқанын тоқтатар емес. Өкінішке қарай, сот біз келтірген осы дәйектерді қаперге алмай-ақ қойды...».
Ал Қарағандыдағы «Диас KZ» ЖШС-нің директоры Леонид Гесин шиеленіскен түйіннің жақын маңда өзінен-өзі шешілетініне сенімді. «Тамыз айында бәрі де өз орнына келеді. Неге десеңіз, Ресей аман болсын. Қазір ол жақта қанттың бір килосы 250-270 теңге тұрады. Тамыз айының басында олар қант қызылшасын жинай бастайды. Іле Қазақстанға Ресей қанты келіп, баға да төмен түседі. Сондықтан, қарағандылықтарға қант көрмегендей қымбат бағаға үйіп-төгіп ала бермей, сәл ғана шыдай тұруға кеңес бергім келеді», дейді ол.
Негізі, облыстағы қантты көтерме бағамен жеткізушілер кезінде қалалар мен аудандар әкімдіктерімен сауда саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойған болатын. Сол келісімге сәйкес, қант бағасы 4 пайыздан жоғарыға көтерілмеуі тиіс болатын. Сонда қалай демеске лаж жоқ, саудаға серттің жүрмейтіні осы болғаны ғой...
Обалы нешік, облыс басшылығы қант төңірегіндегі түйінді шешуге тас-түйін дайын екендігін көрсетті. Қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында арнайы комиссия өңірлік тұрақтандыру қорынан 150 тонна қантты нарыққа шығару жөнінде шешім қабылдады.
Сонымен, қант неге қат болады? Байқап қарасақ, сұраныс өскен заматта сумаң қаққан алыпсатарлардың ұсынысы да қолма-қол дайын тұрады екен. Қалай десеңіз де, бұл мәселенің бір ұшығы тосап қайнату мезгілін тосып отыратын ынсабы аздау кәсіпкерлердің пиғылында жатыр. Осы тұрғыдан келгенде, қолдан қат дүние жасаушылармен күрес болары болып, бояуы сіңгенде емес, жұрттың жүйкесін жұқартпай тұрып бұдан сәл ертерек басталса құба-құп болар еді-ау.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58