Кеше Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов журналистерге Францияның Ницца қаласындағы террорлық актіге байланысты хабарлама жасады.
Оның атап өтуінше, терактіден кейін Қазақстанның Франциядағы елшілігіне бес қазақстандық хабарласқан. Олардың төртеуі оқиға орнында болғанын және қанды оқиғаны көздерімен көргендерін айтқан. Тағы бір қазақстандық елшілікке таңертең хабарласқан. Террорлық шабуыл кезінде ол Ницца жағалауында болмаған, Ниццаға бейсенбі күні кешке барған екен. Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, терактіден кейін дипломатиялық миссияға Қазақстанның бір азаматы хабарласып, өзінің Ағылшын жағалауы маңындағы қонақ үйде екенін, онымен бірге тағы үш адам бар екенін жеткізіпті.
«Олар өз өмірлері үшін алаңдаған. Қаза тапқандардың мәйіттері мен жараланғандарды терезеден көргенін айтып, көмек сұраған. Біздің дипломаттар оларға уақытында қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, қауіптен сақтану жөнінде кеңестер берді. Қазір олар қауіпсіз жерде, ешқайсысы жапа шеккен жоқ, – деді Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.
Ә.Жайнақов олардың Ниццаға демалуға барған отбасы екенін атап өтті. Оның хабардар етуінше, оларды елге жеткізу бойынша көмек қажет емес. Алайда, қазақстандық консулдар олармен байланыс ұстап отыр, қосымша көмек қажет болған жағдайда жәрдемдесуге дайын. «Ниццада болған терактіге байланысты Франция халқына көңіл айтамыз, – деді ол әрі қарай. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ».
Шілденің 14-і күні Ницца жағалауында Бастилия қамалын алу күнін мерекелеу кезінде жүк көлігі отшашуды тамашалауға жиналған адамдарды басып-жаншып, екі шақырымдай жүрген. Шабуыл салдарынан 84 адам қаза тапты, оның ішінде балалар да бар. Тағы 18-і ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, жалпы 100-ден астам адам жарақаттанған. Француздық БАҚ жүк көлігінен 31 жастағы Ницца тұрғынының жеке куәлігін тапқанын, оның Франциямен қатар, Тунис азаматы болғанын хабарлады. Полиция жүк көлігінің жүргізушісін атып тастады. Күш құрылымдары оның сыбайластарының болғанын, не болмағанын анықтап жатыр.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47