16 Шілде, 2016

Ықпалдастық жайы талқыланды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
sagintaev 1 Кеше Үкімет үйінде Пре­мьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Рес­пуб­ликасының Беларусь Рес­публикасымен екіжақты ынтымақтастығы мәселе­лері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Ми­нистр­дің баспасөз қызметі. Кеңеске қатысушылар өз­ара сауда, өнеркәсіптік кооперация, ғарыш, АӨК, гуманитарлық сала­лар­дағы ынтымақтастық мәсе­лелерін талқылады. Кеңес барысында 21-22 шіл­деде Гомель қаласында өтетін Қа­зақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының кезекті отыры­сына дайындық барысы да тал­қыланды.