16 Шілде, 2016

ӘЛЕМ-ЖӘЛЕМ ӘЛЕМ

319 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
15-07-16-radzh6 жасар аспаздың табысы – 2 мың доллар Үндінің Нихал Радж есімді 6 жасар баласы өз роликтерінің бірін Facebook-те пайдалануға рұқсат бергені үшін $2 мың доллар көлемінде ақша алды. Жұртқа Кича деген никпен көбірек белгілі болған аспаз бала YouTube-та өзінің жеке жазбасын жүргізеді. Ол ас дайындаумен 4 жасынан бастап айналысқан. Себебі, өзі гурмандар отбасынан шыққан екен. 46 жастағы Альбион азаматы ақыр заманға дайын отыр Британияның 46 жастағы Ян Култхард есімді азаматы ақыр заманға бар ынты-шынтысымен әзірленіп жатқан көрінеді. Оның есебі бойынша, экономикалық апат алдағы 20 жылдың ішінде келіп жетеді. Бұрынғы әскери қызметкер осы кезге дейін Шотландия, Солтүстік Англия және Уэльс жерлерінен апокалипсис орнай қалған жағдайда тұратын қоныс дайындап қойыпты. Олардың барлығында кемінде 10 күнге жететін тамақ пен судың қорлары бар. 15-07-16-okeanМұзды мұхит үстінде музыка ойнады Италияның Людовико Эйнауди атты композиторы әрі пианисі Солтүстік мұзды мұхиттың үстінде жүзуші платформада отырып, өзінің жеке шығармасын ойнап шықты. Музыкант көптен бергі бұл арманын Норвегияның Шпицберген аралындағы Wahlenbergbreen мұздығының алдыңғы бөлігінде жүзеге асырған. Ол мұнда кезінде күллі әлемнен 8 миллион адамның даусын жинаған Арктиканы қорғау туралы «Арктика элегиясы» атты туындысын орындаған. Тойға келген төбетті тап-тұйнақтай етіп киіндірді Шотландияның бір тұрғыны сүйікті төбетін өзге біреулердің үйлену тойларына салтанатқа сай киіндіріп алып барып, өзінің жанына отырғызып қойды. Килт пен жейде киінген иттің мойнында көбелек-галстук көрініп тұр. «Жақында менің өзім де үйленемін. Сонда төбетімсіз той суреттерін түсірте алмас едім», деп жазыпты Reddit әлеуметтік желісіне YellyG деген нигі бар пайдаланушы. Осы кадр Imgur желісінде пайда болған екі күннің ішінде оны 1,4 миллион адам қарап үлгерген. 15-07-16-slonҚарындаштан піл үйірін сүрмелеп шығарған АҚШ-тың Синди Чинн деген суретші әйелі өнердің дәлдікті көздейтін минимализм деген түрі бойынша қарындаштардан сүрмелеп, бірнеше пілдің сұлбасын жасап шыққан. Суретші «Сергентити пілдері» деген атау берген бұл жобада осы жануардың бір үйірі көрініс береді. Тапсырыс бойынша жасалған мүсін композициясында Синди біреудің орнына үш піл қашап шығарған. Әрбір піл бір қарындаштан алынған. Бірақ олар соңынан бір-бірімен бірігіп кеткен. Бұл өмірге өнердің осындай бір түрі келгенін көрсетеді. 72-дегі Мик Джаггер сегізінші балаға әке атанды Ағылшынның белгілі рок-музыканты, The Rolling Stones рок-тобының вокалисі Мик Джаггер жасы 72-ге келгенде сегізінші баласына әке атанғалы отыр. Музыканттың өкілі 29 жастағы балерина Мелани Хамриктің Джаггерден екіқабат екенін растап берді. Бірақ қыз рок-жұлдызбен бірге тұру үшін Лос-Анджелеске немесе Коннектикутке қоныс аударуға ниетті болып отырған жоқ. Ал Джаггердің бұған дейін екі әйелі болған. Бұлардан басқа тағы екі әйелден бала сүйген. 15-07-16-sipiliaФин премьері Моңғолияға ұшақты өзі айдап барды Финляндияның премьер-министрі Юха Сипиля Моңғолияда өтіп жатқан Азия-Еу­ропа (АСЕМ) саммитіне қатысу үшін жал­ға алған ұшағын өзі басқарып барды. Премьер-министр кеңсесіндегілер Суоми үкіметі басшысының ұшақты өз қалтасынан шығарған ақшаға жалдап барғанын да жеткізді. Сөйтсек, премьер бұған дейін де бірнеше қызметтік іссапарына әуе кемесін өзі басқарып барған екен. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше