2-7 жас аралығындағы балдырғандардың тілін ұстартып, дүниетанымын кеңейтетін «Зерек» атты қалам туралы біз осыдан төрт жыл бұрын жазғанбыз. Бірақ бұл сөйлейтін қалам ол кезде тек бір-ақ тілді еді.
«Зерек» алғашында тек қазақша сөйлейтін. Енді жоба авторлары заман талабын ескеріп, «Зеректі» үш тілде сөйлейтін қаламға айналдырды. Демек, «Зеректей» досы бар балдырған қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қаріп танып әрі ойлау көкжиегін кеңейте алады. Бұл дегеніңіз, «Зерек» тек баланың досы ғана емес, тіпті ата-ананың өзіне қолғанат деген сөз. Өйткені, «Зерек» – балдырғандарды өздігінен дамыту және қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйрету үшін суретті кітапшаларды дауыстап оқитын құрылғы. Бүлдіршіндердің ой-өрісін дамыту мақсатында жасалған бұл жүйе – арнайы мамандар мен педагогтардың ұзақ жылғы ізденісінің жемісі. Осы керемет қаламды жасаған өнертапқыштардың бірі – Ақжайық ауданындағы Абай атындағы мектеп-гимназияның 2004 жылғы түлегі Абзал Қадырбаев. «Зеректі» жоба авторлары келер жылы Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне қатыстырмақ ниетте.
Сонымен, сөйлейтін қаламның ерекшелігі неде? Пайдалану туралы нұсқаулықта көрсетілгендей, сөйлейтін қалам – инновациялық технологияның сапалы және қауіпсіз электронды өнім. Оның атқаратын қызметі де аз емес. 2-3, 4-5 және 6-7 жастағы балаларға арналған дербес суретті кітапшаларды пайдалана отырып, қаламды оған тигізу арқылы баланың өзін қоршаған ортаны танып-білуіне жол ашылады. Осылайша, «сиқырлы» қаламсап әр баланы үш тілде бірдей еркін, жатық сөйлеуге, сөздік қорын байытуға, оқуға, есептер шығаруға, тақпақтар жаттауға, ән шырқауға баулиды.
Суреттерді пайдалану арқылы дыбыс пен әуенге толы интерактивті сабақ алуға болады. Суретті кітапшалар мен сөйлейтін қалам – балаларды жан-жақты дамыту үшін ата-аналарға таптырмас көмекші. Оның құндылығы – балалар мектепке барғанша көп сөзді, сөйлемдерді, сандарды жаттап алып, сайрап тұрады.
«Балабақшада болсын, үйде болсын, сөйлейтін қалам мен суретті кітапшалардың сәбиге бе-рері мол» деп пікір білдіріпті педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жәния Нұржан. Сондай-ақ, сөйлейтін қаламды компьютерге USB арқылы қосып, жады картасына ән жазып, оны МР3 картасы арқылы тыңдай да аласыз. Жүйедегі шағын көлемді SD картасын өзгертуге және оған бағдарлама жүйесіндегі оқу материалдарын енгізуге, өз қалауыңыз бойынша SD картаға әуен орнатуға болады. Бұған қоса «Зерек» – экологиялық талапқа сай таза материалдардан жасалған нағыз қауіпсіз қалам!
Әсел ӘМЗЕҚЫЗЫ,
журналист
ОРАЛ

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58