«Ел іші – өнер кеніші». Аягөз ауданының Мамырсу ауылындағы асықтан жасалған асықтың мүсіні көзге жылы ұшырайтын ұлттық нақыштағы ерекше мүсін. Сабыржан Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің алдында орналасқан композиция авторы – бейнелеу пәнінің мұғалімі Қайрат Сыдықов.
Мектептің іс жүргізушісі Әсем Сары-баеваның айтуынша, ауылды абаттандыруға айрықша үлес қосып жүрген мұғалім сонымен бірге, тырналар мүсінін, «Өркениетті Қазақстан» атты үш композициядан құралған фитоның да авторы.
– Қайрат – жоғары санатты мұғалім. Көптеген өңірлік байқаулардың жеңімпазы. Он саусағынан өнер тамған ол қыстыгүні ауыл балаларына тарту ретінде мұз мүсіндер де жасайды, – дейді әріптестері.
Асықты құрастыруға 1080 дана асық жұмсалған. Бұл асықтарды мектеп директоры Рифхат Заитұлы жинап, мүсіншіге тапсырған екен. Қайрат көптен көкейінде жүрген асықтың бейнесін алдымен темірден иіп жасап, содан соң темір қаңқаға асықтарды арнайы желіммен жапсырып шыққан. Бір метрлік тұғыры бетоннан құйылып, ою-өрнекпен әдіптелген. Ал асық мүсінінің биіктігі – 60, ені 30 сантиметрге тең.
Мектепте 20 жылдан астам уақыт ұстаздық етіп келе жатқан Қайраттың талантты шәкірттері баршылық. Олардың арасында отандық телеарналарда көрсетіліп жүрген «Әли мен Ая», «Бәйтерек» мультфильмдерінің көркемдеуші суретшілері де бар.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз ауданы

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58