17 Шілде, 2016

Криштиану Роналду чемпиондыққа алған ақшасын балаларға берді

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-07-16-ronaldu

Португалия құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Криштиану Роналду футболдан Еуропа чемпионы атанғаны үшін алған ақшалай сыйлығын қайырымдылық қорына берді. spletnik.ru порталының жазуынша, ол чемпион атанғаны үшін алған 275 мың еуроны түгелімен ракпен ауыратын балаларға аударып жіберген. Еске сала кетейік, Криштиану өз командасының Чемпиондар лигасында жеңіске жеткені үшін алған қаржылай бонусын да осылай жұмсап, 456 мың еуро ақшасын тұтасымен үкіметтік емес ұйымдарға аударып жіберген болатын. Португалия құрамасының лидері Еуро-2016-ның Франция командасымен өткен финалдық кездесуінің бірінші таймында сол тізесінің ішкі қапталдағы сіңірі созылып кеткендіктен, ойынды одан әрі жалғастыра алмай, алаңнан кетуге мәжбүр болып еді. Алайда, команданың қалған ойыншылары осыдан кейін тас-түйін болып ойнап, ақыр соңында алаң иелерінің қақпасына экстра таймның 109-минутында Эдердің гол соғуымен жеңіске жетіп еді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше