17 Шілде, 2016

Көкшетауда ер кісі досының көлігін алып қашып кетті

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-07-16-mashina

Көкшетауда бір ер кісі досының көлігін рұқсатсыз мініп, алып кетіп, жол-көлік оқиғаларына ұрынды. Ақмола облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, апатты оқиға Омбы трассасының бойында орын алған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері «ВАЗ-21012» көлігін жүргізушінің мас екенін, машинаға қатысты ешқандай құжаты жоқтығын, тіпті автомобиль жүргізу жөніндегі және жеке куәліктерінің де болмай шыққанын анықтады. Бұған қоса, жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші көліктің егесі де болмай шықты. Апат үшін айыпты адам тәртіп сақшыларына содан бір күн бұрын өзінің Солтүстік Қазақстаннан Көкшетауға келіп, осындағы танысының үйіне қонып қалғанын, кездескендері үшін екеуінің арақ ішкендерін, ал ертеңіне үй иесінің жұмысқа кетіп бара жатып, жөндеу үшін көлігінің кілтін тапсырып кеткенін айтып берді. Мұның орнына ол машинаны алып қашып кетеді. «Омбы трассасының бойында ол «Wolkswagen Golf» көлігімен бетпе-бет келіп соқтығысады. Бақыттарына орай, жол-көлік оқиғасына қатысушылардың ешқайсысы пәнлендей қатты зардап шекпеген. «ВАЗ-21012» автомобилі жөндеуге келмейді. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада. Енді көлік алып қашу осы үшін сот жүзінде жаза тартумен бірге, қарсы соққан көлігі мен өзі айдап қашқан машинаныың шығындарын өтейтін болады. Бақберген АМАЛБЕК