17 Шілде, 2016

Ниццадағы теракт кезінде павлодарлық отбасы жоғалып кетті

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-07-16-pavlodar

Францияның Ницца қаласындаь орын алған лаңкестік оқиғасынан кейін осында жүрген бір павлодарлық отбасы мүшелерінің жоқ болып кеткені анықталды. 365info.kz-тің хабарлауынша, бұл Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған бір пост арқылы белгілі болды. «Достар, барынша кеңінен репост жасаңыздар. Ниццадағы терактіден кейін Павлодардан барған бір отбасыны таба алмай жатырмыз. Олар Ниццада жүрген еді. Біз Маринаны, оның қызы Сильвия мен анасы Любаны іздестіреміз», - деп жазды желіде Бейбіт Әлібеков. Мұндағы туған-туыстары әйел мен кішкентай баланың терактіде жарақат алғандар апарылып жатқан Марсельге жеткізілген болуы мүмкін екенін білдіреді. Қазір Қазақстан Сыртқы істер министрлігі осы деректі тексеруге кірісті. Мұрат АЙТҚОЖА