17 Шілде, 2016

Көкшетауда бір еркек азаматтық әйелін ұрып өлтірді

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-07-16-kokshe

Көкшетауда бір ер кісі бірге тұрып жатқан әйелін ұрып өлтірді. Оқиға 14 шілде күні кешқұрым орын алған. Ақмола облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, сол күні «жедел жәрдем» фельдшері Көкшетау қаласындағы үйлердің бірінен 31 жастағы әйелдің мәйіті табылғанын жеткізген. Медициналық сараптаманың анықтауы бойынша, өлім сырттан жасалған қатты соққылардың әсерінен қарын мен ағзалардың ішкі жағынан аққан қанның қан тоқтамауы салдарынан орын алған. Марқұмның бет-жүзінен соққылардың ізі табылған. Полиция әйелдің азаматтық күйеуімен және 3 жасар баалсымен бірге тұрғанын анықтады. Құқық қорғаушылар көршілерінен сұрастыра келіп, бұл қанды оқиғаға келіншек күйеуінің тікелей қатысы болуы мүмкін екені туралы болжамды алға тартты. Осының нәтижесінде ер кісі қамауға алынды. Тергеу барысында ер кісі сол күні болған оқиғаны түгел айтып берді. Өзінің айтуынша, ер кісі жұмыстан келгесін үйдің шашылып жатқаны үшін азаматтық әйеліне ескерту жасайды. Әйелінен жауап ала алмағасын, досының үйіне кетіп қалып, сонда күні бойы арақ ішеді. Ал үйге келгенде, баяғы көріністің өзгермегенін, үйдің шашылған қалпында жатқанын байқайды. Сол кезде ол әйеілінің іші мен бетінен ұрады. Кейін әйелдің ауыр халде жатқанын байқағасын, «жедел жәрдем» шақыртады. Бірақ келіп жеткен медиктер оның өліп қалғанын естіртеді. Полиция аталған оқиғаға орай қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынды. Қараусыз қалған үш жасар бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Бақберген АМАЛБЕК