2010 жылғы 14 қазан, Астана қаласы
Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесін бекіту туралы
«Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 4-тармағына сәйкес
бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесі бекітілсін.
2. «Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 11-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4073 тіркелген, 2006 жылғы 17 ақпанда № 28-29 (835) жарияланған «Заң газетінде»)) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық бірінші ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Р.ТҮСІПБЕКОВ.
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің 2010 жылғы 14 қазан № 279 бұйрығымен бекiтiлген
Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрi – Заң) әзірленген, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау тәртiбiн реттейдi және белгiлейдi.
2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) автор – шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға;
2) авторлық құқық – автордың жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтары;
3) жариялау – автордың не авторлық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiне өзге құқық иеленушiнiң келiсiмiмен туындының, орындаушылық жазбасының немесе фонограмманың даналарын көпшiлiктiң орынды қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын мөлшерде көпшiлiкке ұсыну;
4) қолжазба – қолмен жазылған немесе жазу машинкасында, дербес компьютерде қайта жазылған түпнұсқа немесе мәтiннiң көшiрмесi;
5) туынды шығарма – басқа туындыны шығармашылықпен өңдеу нәтижесiнде жасалған туынды;
6) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті.
2-тарау. Қолжазбаларды тапсыру және қабылдау тәртiбi
3. Сақтауға жарияланбаған туындылардың қолжазбалары қабылданады.
4. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын қабылдауды және сақтауды уәкiлеттi орган осы Ереженің 1-қосымшасының нысанына сәйкес автордың немесе авторлардың өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады. Егер шығарма туынды болса, пайдаланылған шығарма авторының тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсету, сондай-ақ туындыны өңдеуге, аударуға құқығын беру туралы авторларық шарттың көшірмесін ұсыну қажет.
5. Құжаттарды сенiм бiлдiрілген жақ арқылы тапсыру кезiнде:
1) автордың немесе авторлардың нотариаттық куәландырылған сенiмхаты;
2) сенiм бiлдiрілген адам жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.
6. Сақтауға ұсынылған құжаттың тiгiлуi, нөмiрленуi және автордың немесе авторлардың қолымен бекiтiлуi қажет.
7. Қолжазбаны тапсырған адамға қолжазбаның тіркелген күні, қолжазба авторының немесе авторларының тегi, аты, әкесiнiң аты, қолжазба атауы және қолжазба беттерінің саны, қолжазбаны қабылдаған адамның тегі және лауазымы көрсетiлген анықтама берiледi.
3-тарау. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау
8. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау кезiнде қолжазбаның маңыздылығын бiлдiретiн белгiлерi мен қасиеттерiн сақтауды қамтамасыз ететiн шаралар қабылданады.
9. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау үшiн уәкiлеттi орган сөрелерi, темiрмен қапталған есiгі, торланған терезесі, күзетi бар және өртке қарсы белгi беру орнатылған арнайы үй-жай жабдықтайды. Осындай үй-жай болмаған кезде арнайы қойма (темiр шкаф) бөлiнедi.
10. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға және есепке алуға бiрiншi басшының бұйрығымен тағайындалатын уәкiлеттi органның қызметкерi жауапты болып табылады.
Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға арналған үй-жайға кiру оларды сақтауға және есепке алуға жауапты адамның немесе алмастыратын қызметкердің қатысуымен ғана мүмкiн. Олар болмаған жағдайда, үй-жайға тек уәкiлеттi орган басшысының немесе оның орынбасарының қатысуымен және рұқсатымен уәкілетті органның кемінде үш қызметкері болған кезде ғана кiруге болады. Осындай жағдайларда қандай қолжазбалар, неге байланысты үй-жайдан (қоймадан) алып қойылғаны немесе қойылғаны көрсетіліп, екі данада акт жасалады. Актiнiң бiрiншi данасы жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын есепке алу кiтабына тиiстi мәлiметтер енгiзу үшiн сақтауға жауапты адамға, ал екiншiсi қолжазбаны сұратқан адамға беріледі.
11. Жарияланбаған туындылардың қолжазбалары, олардың бірлескен өтiнiші негiзiнде немесе сенімхатты қоса бере отырып авторға және авторларға немесе мұрагерге және мұрагерлерге берiледі.
4-тарау. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын есепке алу
12. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын есепке алу үшiн уәкiлеттi органда нысан бойынша осы Ереженің 2-қосымшасының нысанына сәйкес кiтап жүргiзiледi, ол жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға және тiркеуге жауапты адамда болады. Кiтапты жүргiзу, қатаң есептегi құжаттарды жүргiзу ережесi бойынша жүзеге асырылады.
Кiтаптың әрбiр бетi нөмiрленедi, кiтап тігіледі және мөр басылып, бiрiншi басшының қолымен бекiтiледі.
Сақтауға қабылданған қолжазбалардың электронды деректер базасы қосымша құрылуы мүмкiн.
13. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын есепке алу кiтабына жазба жазу жарияланбаған қолжазбаларды сақтауға және есепке алуға жауапты адам жүргізеді.
14. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға және есепке алуға жауапты адам есепке алу кiтабына тiркеу кезiнде қабылданатын жазбалардың заңнама талаптарына сәйкестiгiн тексередi.
15. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын жазба кiтабына тiркеу хронологиялық тәртiпте жүргiзiледi, әрбiр қолжазба жеке жазылады, бұл ретте әрбiр қолжазбаға реттiк нөмiр берiледi.
16. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға және есепке алуға жауапты адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжазбалардың сақталуына өз құзыретi шегiнде жауапкершiлiк алады.
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi 2010 жылғы 14 қазан № 279 бұйрығымен бекiтiлген ережеге 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнiң төрағасына
____________________________________
____________________________________
____________________________________
мекенжайында тұратын
____________________________________
____________________________________
____________________________________
тел._________________________________
____________________________________
(жеке басын куәландыратын құжаттың
деректері)
ӨТIНIШ
Мен (Бiз) ________________________________
(автордың (лардың) тегi, аты, әкесiнiң аты)
мен (бiз) _________________________жасаған
(жасалған күнi)
_______________________________________
__________________________________атаулы
______________________________________
________________________________________(зияткерлiк меншiк объектiсiнiң түрi) жалғыз авторы (авторлары) болып табылатынымды (ымызды) растаймын(мыз) және осы туындының қолжазбасын Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнде сақтауға қабылдауды сұраймын(мыз).
Осы арқылы бұл туындының ешқайда жарияланбағанын растаймын (мыз).
20__ж. «__» ____ _____________________
(автордың(лардың) қолы)
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi 2010 жылғы 14 қазан № 279 бұйрығымен бекiтiлген ережеге 2-қосымша
Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын есепке алу кiтабы
№ |
Қолжазба-
ның тіркел-
ген күні |
Қолжазба
авторының
тегі, аты,
әкесінің
аты |
Қолжаз-
ба беттері-
нің саны |
Қолжазбаны
қабылдаған
(берген) жау-
апты лауазым-
ды адамның
қолы |
Қолжазба
қайда, ненің
негізінде
жолданған |
Қолжазбаны
қабылдаған
адамның
лауазымы
және тегі |
Қолжаз-
баны
алған күні
мен қолы |
Қолжаз-
баның
атауы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6592 болып енгізілді.