Шығыс өңірінің сәулеттік-этнографиялық және табиғи-ландшафтты музей-қорығында ақ түсті тауыс пайда болды. Қардай аппақ құстың қос жұбы – жергілікті фаунаның өкілдері. Яғни, музей-қорықтың хайуанаттар бағындағы кәдуілгі түрлі-түсті қанатты тауыстың мекиені басқан жұмыртқаны жарып шыққан.
«Бұлар көпшілік ойлағандай альбиностар емес, тауыс тұқымдастардың жекелеген генетикалық желісі. Өте сирек кездесетіндіктен, Шығыс елдері мен Ауғанстанда аса қымбатқа бағаланады. Өйткені, ақ түс – тазалық пен адалдықтың белгісі іспетті», – деді қорық-музейдің фауна бөлімінің меңгерушісі Зайнитдин Шамшиев.
Бүгінде тауыстың ерекше түсті екі балапаны да біршама өсіп, тордағы өздерінің көгілдір қанатты туыстарының қасына жіберілді. Бір қызығы, құстардың қауырсындарының түсі болмаса, басқа айырмашылығы жоқ. Сондай-ақ ақ тауыстардың тәбеті жақсы, әр нәрсеге әуес екені байқалды. Мамандардың айтуынша, бұл құстардың мінез-құлқы дәстүрлі тотыдайын таранған туыстарына қарағанда биязы және жаңа ортаға тез бейімделіп кетеді екен. Айтпақшы, қазақта «тотыдайын таранған, сұңқардайын сыланған» деген өлең жолдары ертеден айтылады. Осындағы тотымыз – тауыс. Бабаларымыз қырғауыл тектес тауыстың әдемі қауырсындарын жайып жіберетініне қарап айтқан сияқты. Ал біз попугай мен субтропикалық шымшықтарды тоты құс деп қателесіп жүрміз...
Думан АНАШ

31 шілдеден бастап Алматыдан Измирге тікелей рейстер ашылады
Қоғам • Бүгін, 20:50
Қазақстанда шегірткеге қарсы 480 мың гектарға жуық жер өңделді
Экология • Бүгін, 20:29
Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 20:19
Қытай Жапония әскерінің күшеюіне алаңдап отыр
Әлем • Бүгін, 20:04
Пара таэквондодан алматылық спортшы Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 19:54
Банкомат арқылы қолма-қол ақша шешу көлемі 5,8 трлн теңгеге дейін қысқарды
Экономика • Бүгін, 19:34
Өзбекстан шетелдіктер үшін арнайы салық режимін енгізеді
Әлем • Бүгін, 19:18
Астанада электр энергиясының тарифі қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 19:09
Үш аптадан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары тұрақтанып тұр
Қоғам • Бүгін, 18:53
Елімізде қашықтан жұмыс істейтін қандай мамандарға сұраныс жоғары?
Қазақстан • Бүгін, 18:04
Халықаралық волонтерлер жылы: Қазақстанның бастамасы әлем елдерін біріктірді
Президент • Бүгін, 17:59
25-29 мамыр күндері Астананың бірқатар көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі
Оқиға • Бүгін, 17:55
Sadraddin «ZEIIN» альбомын ерекше форматта ұсынды
Мәдениет • Бүгін, 17:50
Депутат: Дәрі-дәрмекке байланысты заңға маңызды түзетулер енгізілді
Қоғам • Бүгін, 17:40
Әлем чемпионаты: ФИФА Иран құрамасына қатысты шешім қабылдады
Футбол • Бүгін, 17:28