21 Тамыз, 2016

Футбол. «Қайрат» «Ақтөбені» 3:1 етіп ұтты

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-08-16-kayrat-1

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 1-6 орындар үшін таласып жатқан бөлігінде ойнап жатқан Алматының «Қайраты» кеше 23-турда «Ақтөбе» командасын қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелерінің бірінші таймдағы толық басымдығы 30-минутта Алксей Щеткиннің есеп ашуына апарып жеткізді. Үзілістен кейін алматылықтар тағы да қонақтарды жан-жақтан қысымға алды. Сол сәттердің бірінде меймандар сапындағы Егор Сорокин өз айып алаңы ішінде қолмен ойнап қойды. Осыған байланысты 49-минутта белгіленген пенальтиді Бауыржан Исламхан дәл түсірді. Ал ақтөбеліктер жауап допты 62-минутта Ғафуржан Сүйімбаевтың күшімен соға алды. Матчтың соңғы нүктесін 66-минутта Жерар Гоу қойды. Осылайша алматылықтар «Астанамен» арадағы ұпайы айырымын 4-ге дейін түсірді. Бірақ елорда командасының запасты бір ойыны бар. Ол бүгін «Ордабасыны» қабылдайды. Осы күні «Ертіс» өз алаңында «Оқжетпестен» 0:2 есебімен ұтылып қалды. Бүгін сондай-ақ чемпионаттың 7-12 орындары үшін таласатын бөлігіндегі «Жетісу» - «Тобыл», «Тараз» - «Атырау» командалары да өзара күш сынасады. Руслан ИГІЛІК