21 Тамыз, 2016

Италияның опера әншісі Даниэла Десси қайтыс болды (видео)

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-08-16-dessi-1

Италияның әйгілі опера әншісі Даниэла Десси сенбі күні Брешиа қаласындағы клиникада жасы 60-қа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы журналистерге әншімен соңғы 15 жыл бойы бірге өмір сүріп, творчестволық байланыста болған тенор Фабио Армилиато жеткізді. Лирикалық-драмалық сопрано дауысты Десси композиторлар Масканьидің, Пуччини мен Леонкаваллоның опералық партияларын әлемдегі ең үздік орындаушылардың бірінен саналып келді. Ол керемет даусы болуымен бірге, актерлік таланты жағынан да ерекше болып көрінетін. Десси 1957 жылғы 14 мамырда Генуя қаласында туған. Ол тоғыз жасынан бастап-ақ өзінің опера әншісі болатынын жақсы білді. Әнші бірінші үлкен сыйлығын 1980 жылы Италияның Rai мемлекеттік телевидениесі ұйымдастырған халықаралық конкурста жеңіп алды. Әншінің репертуарында Моцарттан Вердиге, Монтеверлиден Прокофьевке дейінгі ұлы композиторлардың 60-тан астам опералары болды. Ол әлемнің ең үздік опералық театрларымен бірлесе жұмыс жасады. Бұлардың қатарында Миланның «Ла Скала», Нью-Йорктің «Метрополитен-опера», Берлиндегі «Неміс операсы» театрлары бар. Мұрат АЙТҚОЖА https://youtu.be/X4cCF6tN_Qs