21 Тамыз, 2016

Түркия премьері: Ресей Инджирликті пайдалана алады

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-08-16-injirlik-1

Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым елдің оңтүстігіндегі Инджирлік әскери базасын Ресейдің сұрамағанын айты. Бірақ қажетті бола қалған жағдайда оның берілетінін анық білдірді. Anadolu агенттігінің мәліметіне қарағанда, премьер Ресей тарапының Инджирликті беруді талап етіп, байланысқа шықпағанын жеткізген. «Бұл ақпар анық. Алайда, қажетті бола қалған жағдайда Инджирликті пайдалана алады», - деп атап өтті Йылдырым. Ол сондай-ақ Ресейге дәл қазір Инджирликтегі базаны пайдаланудың аса қажеті жоқ деп есептейді. Бұл базаны осы кезге дейін Түркиямен қатар АҚШ-тың әскери әуе күштері де пайдаланып келген болатын. Мұрат АЙТҚОЖА